Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

Қаракөз бе, Қарагөз бе?

Дата: 13.10.2020 Рубрика: Тіл жаңғырту
979
0
Қаракөз бе, Қарагөз бе?

Бота-көз, Қара-көз, Аман-келді деген екі сыңардан тұратын кісі аттары бар.

1983 жылы қазақ тілінің негізгі емле, ережесіне бірнеше түзетулер енгізілген болатын. Соның бірі осы кісі есімдеріне байланысты. 1983 жылы кісі есімдеріндегі, біріккен сөз жігіндегі қ, к дыбыстары ұяңданады деген ереже қабылданды. Осы ережеге сәйкес, Аманкелді – Амангелді, Ботакөз – Ботагөз, Қаракөз – Қарагөз болып жазылады.

1988 жылғы «Қазақ тілінің орфографиялық сөздігінде» аталған сөздер фонетикалық жағынан сындырылып, Амангелді, Ботагөз, Қарагөз деп жазылды. Содан бері әлі күнге осылай жазылып келеді. Сол себепті аталған сөздерді жазғанда сөздікке сүйенген жөн.

Кісі есімдерін Қаракөз, Ботакөз, Аманкелді деп жазу қате. Бұл енді жалқы есімдерге байланысты ереже.

Ал жалпы есімдерде көбіне сөздің түбірін сақтап жазу керек. Қара көз қарындастар, қазақтың қара көздері дегенде қара көзді ешқашан сындырып, қарагөз деп жазуға болмайды. Бірге жазу да дұрыс емес.

 

Құралай Бимолдақызы,

Сүлейман Демирел университетінің оқытушысы

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!