Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

Тіл мектебі

Дата: 06.10.2020 Рубрика: Тіл жаңғырту
650
0
Тіл мектебі
Қазақтар ана тілін неге меңгере алмай жүр? Қазақстанда тұратын өзге үлт өкілдері мемлекеттік тілді неге меңгергісі келмейді? Қазақ тілін үйренудегі қиыншылықтар? Осы және тағы басқа сұрақтар Ақмола облысы, Зеренді демалыс аймағында өткен Тіл мектебіндегі кездесуде еліміздің түкпір-түкпірінен қатысқан тіл жанашырлары, белсенді жастар, тіл мамандары талқылады. Бұл маңызды іс шараны Қолданбалы этносаяси зерттеулер институты ұйымдастырған болатын. Қостанай облысынан үш адам қатысты. Олар, Гүлнар Талапова - «Тілдарын» облыстық тілдерді оқыту орталығы» КММ басшысының орынбасары, Аймекен Нурланқызы Сабыржанова «Қоғамдық келісім» КММ бас сарапшысы, және Әнел Пимичева – КМУ бірінші курс студенті.
Әнелдің ұлты орыс. Бірақ қазақ мектебін бітірген, мемлекеттік тілді жетік меңгерген. Әнелдің айтуынша тіл мектебіндегі кездесуде қатысушылар қазақ тілді қысқа мерзімде меңгерген бірнеше кісілермен танысты. Олар: «Ситуативный казахский» кітабының авторы Қанат Тасыбеков пен «Лингвотен» орталығының басшысы Владислав Тен. Спикерлер өздері ойлап тапқан тіл үйрену әдістемелерін түсіндірді. Қанат Тасыбековтың айтуынша мемлекеттік тілді білмеген жандар, әр түрлі жағдайларға байланысты сөздерді, сөз тіркестерді жаттау керек. Мысалы, дүкенде, мейрамханада, тойда, саяхатта, т.б. Қанат ағамыз елу жасқа дейін ана тілін білген жоқ екен. Ал қазір еркін сөйлей алады да, мемлекеттік тілді білмеген қазақстандықтарға тілді қалай тез меңгеруге болады, кеңес бере алатын жағдайға жетті. 
Ал екінші тәлімгер Вла дислав Тен барлық қазақстандықтарды - қазіргі жағдайды пайдаланып, үйде отырып, уақытты бос жібермеуге шақырады. Осы уақытты білімге, мемлекеттік тілді үйренуге арнайық, көмек керек болса, әрқашан қол ұшін берем, – деді спикер. Владислав Тен бес тілде сөйлей алады, отыз тілде оқи алады екен. «Үш жылда үш тілді мұғалімсіз меңгеріп алған екен. «Адам мақсат қойып, жалқауланбай еңбек ету керек. Мен қай елде тұрсам да, сол елдің тарихын, мәдениетін, тілін білуге тырысамын. Бұл менің сол елдің халқына құрметім», – деді Владислав Тен тіл мектебіндегі кездесуде. Үлгі аларлық мысалдар! Қатысушылардың пікірінше осындай кездесулер жиі өткізілсе тіл мәселесі бірте-бірте шешілетін сияқты.

Әсем АЙНАБЕКҚЫЗЫ

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!