Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

Рақмет пе, рахмет пе?

Дата: 06.10.2020 Рубрика: Тіл жаңғырту
1273
0
Рақмет пе, рахмет пе?
Рақмет сөзін көп адамдар рахмет деп «х» әрпі арқылы жазады. Себебі Алланың есімдерінің бірі «Әр-Рахим» - «ерекше мейірімді» деген мағынаны білдіреді. Қасиетті «Құран кәрімде» 156 рет кездеседі. Сонымен қатар, «Қазақ тілінің түсіндірме сөздігіне» зер салсақ, «жақсылық, игілік, ізгілік, мейірім, қайырым, рақым, қамқорлық» деген мағынаны білдіреді. Сонымен қатар, «рақымшыл, рахымды» деген сөздік ұя жасауға болады. Алайда соңғы деректерге сүйенсек, «Қазақ тілінің орфографиялық сөздігінің» соңғы нұсқасында «Рақмет» деп бекітілген, яғни «қ» әрпі жазылады. «Рақмет» сөзі қандай мағынаны білдіреді? Оны сіз жиі қолданасыз ба? Мен бұл сөзді жиі қолданамын. «Қолы ашықтың, жолы ашық» демекші, әрбір адам ба ласы жомарт болса, еліміз одан сайын гүлдене түсер еді. Сол жомарт жандарға - алғыс айта білгеніміз жөн. «Асыңа тойғызбасаң да, ақ ниетіңе тойғыз» демекші, әрбір адамның сізге істеген жақсылығы жүрегіңізге қаншалықты жылы тисе, соншалықты «рақмет» айтып үйреніңіз «Рақмет» деген сөзге «оқасы жоқ» деп жауап беріледі. «Риза болғанда айтылатын ілтипаттық алғыс» деген түсіндірмені «Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі» берген. «Рақмет айтты, рақмет шашу, рақмет жаудырды» деген сөз тіркестері мен тұрақты тіркестер бар. Рақмет шашу – мейірімшапағат көрсету. Рақмет жаудырды – үсті-үстіне рақмет айтты. Мен өз алдыма бір бөлек, оқушыларым да осы «рақмет» сөзін жиі қолданады. Өз анализім бойынша «рақмет» дегеніміз сізге бір адам жақсылық жасағанда, қол ұшын бергенде, демеп, медеу болғанда, Алла тағаладан, Раббымыздан сол адамға рақым етуін өтіну. «Иә, Раббым, маған қол ұшын берген адамға, рақым етуіңізді сұраймын, мейіріміңізді төге көріңіз», - деп дұға ету. Сондықтан жандарыңыздағы жайсаң жандарға рақмет айта біліңіздер.

Айнұр МІРКЕМЕЛ С.Мәуленов атындағы гимназияның директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!