Қазақ тілін құрметтеген Жадыра
Дата: 30.06.2026 Рубрика: Тіл жаңғырту
0
7
0
Мемлекеттік тілді меңгеру – әр азаматтың елге деген құрметінің белгісі. Бүгінде өзге ұлт өкілдері арасында қазақ тілін еркін меңгеріп, оны күнделікті өмірде кеңінен қолданып жүрген жастар аз емес. Солардың бірі – Тимофеев ауылынан келген Жадыра Морозова.
Жадыра – белсенді, білімге құштар әрі көпшіл балалардың бірі. Ұлты украин болғанымен, қазақ тілінде еркін сөйлейді. Оның анасы – қазақ, ал әкесі – украин ұлтынан. Отбасында түрлі мәдениет пен дәстүр тоғысқанымен, Жадыра қазақ тілін кішкентайынан меңгеріп, бүгінде оны еркін қолданады. Мектепте сабақты жақсы оқитын оқушы қоғамдық жұмыстарға, мәдени-көпшілік іс-шараларға және түрлі байқауларға белсенді қатысады. Үздік үлгерімі мен қоғамдық өмірдегі белсенділігі үшін ол жазғы демалысын лагерьде өткізуге жолдама алған.
– Маған лагерде демалған өте ұнайды. Мұнда бәрі қызық. Он күн бойы таза ауада демалып, жаңа нәрселер үйренеміз. Көптеген достар таптық. Күн сайын түрлі ойындар мен жарыстар ұйымдастырылады. Телефонға алаңдамай, бірге ән айтып, би билеп, көңілді уақыт өткіземіз. Табиғаты да өте әдемі. Осындай лагерьге келгеніме қуаныштымын, – дейді Жадыра.
Оның айтуынша, қазақ тілін білу достарымен еркін араласуға, түрлі іс-шараларға белсенді қатысуға және қазақ халқының мәдениеті мен дәстүрін тереңірек тануға мүмкіндік береді. Жадыра мемлекеттік тілді меңгеру әрбір жас үшін маңызды екенін айтады.
Бүгінде Қазақстанда түрлі ұлт өкілдері бір шаңырақ астында тату-тәтті өмір сүріп келеді. Осындай көпұлтты ортада мемлекеттік тілді меңгеріп, оны құрметтеу – ел бірлігін нығайтатын маңызды құндылықтардың бірі. Жадыра Морозова секілді жастар достық пен ынтымақтың, тілге деген құрметтің жарқын үлгісін көрсетіп жүр. Мемлекеттік тілді меңгерген өзге ұлт жастарының жетістігі – Қазақстандағы татулық пен бірліктің нақты көрінісі. Ал Жадыраның оқуға деген ынтасы мен белсенділігі оның болашақта да биік белестерді бағындыратынына сенім ұялатады.

Комментарии