Отбасы – бақыт мекені
Дата: 30.06.2026 Рубрика: Тіл жаңғырту
0
5
0

Абай атындағы жалпы білім беретін мектеп жанындағы «Балдәурен» жазғы сауықтыру лагерінде орыс тілі үйірмесінің аясында «Менің тату отбасым» тақырыбында ерекше әрі әсерлі сабақ өтті.
Жылы атмосферада ұйымдастырылған сабақтың мақсаты – оқушылардың тілдік сауаттылығын арттырумен қатар, отбасы құндылықтарын дәріптеу, жақын жандарға деген сүйіспеншілік пен құрмет сезімдерін нығайту болды. Сабақ барысында балалар өздерін жас жазушы ретінде сезініп, отбасы мүшелеріне арнап хат-эссе жазды. Олар ата-аналарына, ата-әжелеріне, аға-әпкелері мен бауырларына деген жүрекжарды тілектерін қағаз бетіне түсіріп, өз ойларын әсерлі жеткізе білді. Әр хаттан бала жүрегінің тазалығы, отбасы мүшелеріне деген шынайы құрметі мен махаббаты анық байқалды.
Оқушылар өз шығармаларында отбасымен бірге өткізген қуанышты сәттерін еске алып, жақындарының қамқорлығы мен қолдауы үшін алғыстарын білдірді. Кейбірі ата-анасының еңбегі мен мейірімін мақтан тұтса, енді бірі ата-әжесінің ақыл-кеңесі мен тәрбиесі туралы тебірене жазды. Шығармашылық жұмыс барысында балалар өзара пікір алмасып, отбасының адам өміріндегі орны туралы ой бөлісті. Олар отбасы мүшелерінің бір-біріне деген қамқорлығы мен түсіністігі кез келген қиындықты жеңуге көмектесетінін айтты.
Сабақ соңында үздік жұмыстар оқылып, оқушылар өз шығармаларын сыныптастарымен бөлісті. Бұл балалардың өз ойын еркін жеткізуіне, шығармашылық қабілеттерін дамытуына және сөйлеу мәдениетін жетілдіруіне ықпал етті. Осындай тәрбиелік мәні зор іс-шаралар жас ұрпақтың бойында отбасына деген құрметті қалыптастырып, адамгершілік құндылықтарды дәріптеуге мүмкіндік береді.
Отбасы – әр адамның өміріндегі ең қымбат қазына, мейірім мен жылулықтың, сүйіспеншілік пен татулықтың алтын ұясы. Сондықтан отбасы құндылықтарын қадірлеу – бақытты болашақтың кепілі.

Комментарии