Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

Алина Салкен: Атамның жолын қуып, мұғалімі болу арманым

Дата: 29.09.2020 Рубрика: Тіл жаңғырту
662
0
Алина Салкен: Атамның жолын қуып, мұғалімі болу арманым
Алина, Қостанай ауданы, Еңбек  ауылының негізгі мектебінде  8 сынып оқушысы. 2007 жылы 19 қаңтарда Жамбыл облысы, Ақбалық ауылында дүниеге келді. Туғаннан Ақбалық ауылында тұрды. Кейін ол ауылдан барлығы көшіп кете бастады,солай адам саны азайып мектеп те жабылды. Мектеп жабылғандықтан, 2014-ші жылы сол кездегі Давыденовка ауылына көшіп келген екен. Қазір бұл ауыл Еңбек деп аталады. 2-ші сыныпты осы ауылда бастады. «Келген жылы 2жылдай 4-ке оқыдым. Қанша дегенмен жаңа жер,жаңа ауыл. Өз ауылымдағы адамдар мен достарыма үйреніп қалғандықтан,бұл ауыл маған жат көрінді. Сосын 4-ші сыныптан бастап,үйрене бастадым. Сабағым дұрысталып,жақсы оқи бастадым. Қазір сабағымды жақсы оқимын», - дейді Алина.  
     Ең сүйікті пәндер? Қазақстан тарихы мен әдебиеті. Ерте заманның өмірі мен ақын-жазушылардың қызықты әңгімелері  қатты қызықтырады. Бос уақытымды  әдебиет оқуға жұмсаймын, арасында шығармалар жазып,қазақ тілінде жазылған әңгімелерді орыс тіліне аударғанда ұнайды.  Өзім шығарған өлең жолдары да бар.
Туған жерді сағындым мен,
Туған жерді сағынып, жыр жаздым мен,
Осы әнді арнаймын Ақбалыққа,
Шын жүректен өлеңді жырламаққа,
 
Ақбалығым, менің өскен жерім ғой,
Көлге түсіп, балық жеген күнім ғой,
Ал үйлері бұзылыпты, құлапты,
Қанша естелік сол үйлерде қалыпты.
 
Жүрүші-ек арлы берлі үйге, дүкенге,
Тегін беріп кәмпитті де, сүтті де,
Қуантушы-ед бала ғой,  деп бізді  де..
 
  • Алина,хоббиің бар ма?
  • Дәмді тағамдар жасап,сурет саламын. Музыка тыңдағанды жақсы көремін. Қысқасы бос уақытымды қызықты өткізген ұнайды. Мінезім туралы айтатын болсақ мен өте көңілді адаммын. Мұңайып жүргенді мүлде ұнатпаймын.
Алина, болашақта қандай мамандықты таңдайсын?
       - Болашақта мұғалім болғым келеді.Неге екенін білмеймін кішкентай кезімнен ұстаздық мамандығы жаныма жақын. Әдебиетті ұнатқандықтан қазақ тілі мен әдебиет пәнінің немесе бастауыш сынып мұғалімі болу арманым. Сонымен қатар менің атам да, қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәнінің мұғалімі болған. Атамның жолын қуып, мен де сол мамандықта жұмыс жасасам деймін. Дәл қазіргі сәттегі мақсатым сол.
      - Өмірлік ұстанымың?
    - Менің армандарым мен алға қойған мақсаттарым өте көп. Және сол арман-мақсаттарым орындалуы үшін көп еңбектену керек екенін мен жақсы білемін. Қиындық болса өтер,бәрі уақытша. Өмірлік ұстанымдарымның тағы бірі-армандар орындалар,мақсатың айқын болса. Менің ойымша бұл өмірде мүмкін емес ештеңе жоқ. Талпынсаң,тырыссаң барлығы мүмкін. Ең бастысы берілмеу керек.
 
                                                                             Әсем Айнабекқызы

 

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!