Латын қарпі қиын емес
Таяуда мемлекет басшысы Қ.Тоқаев латын әліпбиіне асықпай ғалымдардың жан-жақты сараптап –талдауынан кейін көшуді тағы бір ескертті.
Латынға әлі көшпесек те алғашқы адымдар жасалып жатыр. Кейбір жерлер ақырын латынша жазуды бастап кетті. Көптеген дүкендердің атаулары мен мектептің алдындағы «Қош келдіңіздер» деген сияқты сөздер латын қарпінде жазылған.
Шынымды айтсам, латын әліпбиіне көшу елімізге танымал болды. Көптеген мемлекеттік орындардың қызметкерлері латынша диктант жазды. Мен оны әкем мен анамның жазғанынан білемін. Әрине, біз күннен күнге көркейіп дамудағы біліктілігі жетілген елміз. Дамыған Еуропа елдерінде көбісі латын әліпбиін қолданады.
Ал, өзіме келер болсам, маған латын әлипбиі басынын оңай көрінді. Өйткені, өзіміз оқып жүрген ағылшын тілінің әріптері секілді. Бәрі де көзімізге таныс. Осыған дейін бізде мектепке барып жүрген кезімізде латын әлипбиімен диктант жаздық және оны барынша үйрендік. Кейін әліппедегі әріптер тағыда өзгеріс тапты. Қазір бір орынға келді ме, жоқ па белгісіз. Анам айтқандай, қазіргі жиырма бірінші ғасырда латын әлипбиін екінің бірі білуі тиіс. Себебі, қазіргі заманда Еуропа елдері өте танымал, әрі дамыған ел. Шет елге көптеген студенттеріміз грантқа оқуға түскісі келеді. Сондықтан бар күшін салып латын әріпінде жазуды үйренуде.
Қостанай қаласының өзіндегі барлық әсем жерлерде, жаңа атау алған көшелерде, үлкен ойын-сауықтық ғимараттардың атауы да латын әріптерімен жазылғанын байқаймыз. Маған оны оқу қиын емес. Басқа адамдар үшін оңай деп ойлаймын. Осылай көзіміз де, жазу үшін қолымыз да үйреніп кетеді. Мен болашақ білімді ұрпақ ретінде латын әліпбиін қолдаймын!
Мерейлім НҰРЖАНҚЫЗЫ
6 сынып оқушысы
Қостанай қаласы
Комментарии