Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

Тіл білгірі

Дата: 15.09.2020 Рубрика: Тіл жаңғырту
566
0
Тіл білгірі

№ 24 мектеп-гимназиясында Қазақстан халқы тілдері күніне арналған іс-шаралар өткізілді. Соның бірі «Тіл білгірі» атты танымдық сайыс. Сайысқа 3-ші сынып оқушылары қатысты. Еліміздегі қазіргі жағдайларға байланысты сайыс қашықтан, ZOOM платформасында жүргізілді. Сайыстың мақсаты оқушылардың білім - білік дағдыларын байқау, өздерін емін - еркін ұстай білуге үйрету, ынтасын арттырып, қазіргі заман талабына сай әр түрлі білім сайысына қатысуға дайындау болды.

Байқау «Таныстыру», «Жүйрік болсаң озып көр», «Жұмбақтар сыр шертеді», «Тез ойлап, тез құра», «Логика әлемі», «Кім алғыр?» атты 6 бөлімнен құралды. Әр кезеңге сай тапсырмалар орындалып, оқушылар өз белсендіктерін жақсы көрсетті. Сайыс мазмұны Ұлы Абай Құнанбаевтың , Әбу Насыр әл-Фарабидың өмірбаянын, еңбектерін және үштілділікті, логикалық ойлау қабілеттерін қамтыды. Оқушылар жұмбақ шешу кезеңінде жұмбақты шешіп ғана қоймай шешуіндегі сөзді орыс, ағылшын тілдеріне аударып, сол сөзге мақал-мәтелдер құрастырды. Әр кезең бойынша дұрыс берілген жауапқа ұпай беріліп отырды. Жинаған ұпай сандары бойынша қатысушыларға мақтау қағаздары дайындалды.

Сайыс барысында оқушылар бір-бірлеріне қошемет көрсетіп, қызығушылықтарын білдіріп отырды. Мұндай сайыстар оқушылардың ойлау қабілеттерін арттыруға көмектесіп, белсенділіктерін арттыруға көмектесетіні сөзсіз.

Дидар Агитаева

№24 мектеп-гимназиясының

бастауыш сынып мұғалімі

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!