Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

Тәуелсіздіктің негізгі тірегі

Дата: 08.09.2020 Рубрика: Тіл жаңғырту
555
0
Тәуелсіздіктің негізгі тірегі
 Тіл – халық қазынасы, ұлттың жаны. Еліміздің латын әліпбиіне көшуі ұлтымыз үшін жасалған маңызды қадамдардың бірі. Осыған орай, Тіл саласының білікті мамандары латын қарпіне негізделген қазақ әліпбиінің жобаларын жасауда қызу талқылауда өз ойларын да айтып бөліскен болатын. Солардың бірі – филология ғылымдарының докторы, профессор Әлімхан Жүнісбек: «Латын әліпбиіне көшудің қиыншылығы қазіргі біздің қолданып жүрген әліпбиіміз қазақтың төл әліпбиі емес, орыс тілімен араласып кеткені, бізге өзге тілден енген дыбыстар араласып кетсе онда кедергілер туындайтынын, латын әліпбиіне төл дыбыстарымызды баптап, соның аясында көшуін және қазақ жазуына тек әліпби ауыстыру ғана емес, түбегейлі реформа керек екенін, ол реформа үш мәселені дыбыс, әліпби және емле ережені бірдей қамтиды» – деп өз пікірін білдірген. Ғалымдардың пікірін ескеретін болсақ, латын әліпбиіне көшу соншалықты қиындық тудырмайды. Олардың пікірінше, біріншіден, латын әліпбиіне көшудегі негізгі ұтымдылық – тіл ауыспай, таңбаның ауысуы. Екіншіден , сөзді немесе дыбысты қалай естісек, жазылуын да солай жазамыз. Біздің Қоржынкөл орта мектебі ұжымы, оқушылары мемлекеттік тілді үйренудің, латын әліпбиіне көшудің маңыздылығын түсінеді және қолдайды. Оның дәлелі, мектебіміздің мұғалімдері оқушыларымыздың аудандық тіл дамыту орталығы жағынан ұйымдастырылып м е н отыратын сайыстарға белсенді қатысуы. Ұлы данышпан Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойы қарсаңында өткізілген «Өлеңге әркімнің бар таласы» сайысына мектебіміздің мұғалімі Әсел Қабашева, әлеуметтік педагог Татьяна Малышева, 10-сынып оқушысы Марина Жұмабаева қатысып жүлделі орындарға ие болды. Сайыс шарттарының бірі латын әліпбиінде жазылған Ұлы Абайдың қарасөздерін оқу болатын. Біздің қатысушыларымыз бұл шартты өте жоғары деңгейде орындап шықты. Осының бәрін түйіндер болсам, тілге деген құрмет – халыққа деген құрмет. Тіл мәртебесі – ел мерейі. Әлем таныған ел болу үшін тіліміздің жұлдызын биіктетуіміз керек.

Замира ДЕРБИСОВА, Қоржынкөл орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, Бейімбет Майлин ауданы 

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!