Мектепке барамын
Сәлеметсізбе ,«Жасыл алма» редакциясы! Менің атым- Самира, тегім – Ещанова.
Мен биыл бірінші рет мектепке барамын. Қостанай қаласының нөмірі 23 мектепте оқиымын. Әрине, бұл мен үшін қызықты оқиға. Мен қобалжып отырмын. Тезірек ұстазыммен таныссам екен, жаңа достарды тапсам екен деп, армандаймын.
Мен міндетті түрде үздік бағаға оқуға тырысамын. Өйткені мен ата-анамды қуантқым келеді және де көп білгім келеді. Бірақ мен қашықтан емес, мектепке барып, білім алғым келеді.
Мен спорттық гимнастика және бимен айналысамын. Жаттығуларды өте жақсы көремін. Спорттық мектепте достарым көп. Жаттықтырушыны жақсы көремін. Оларды қатты сағындым.
Биыл сабақты «Әліппеден» бастаймыз. Сірә, алғашқы пән естен кетпейтін шығар.
Самира Ещанова, Қостанай қаласы.
Комментарии