Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

Әнел Пимичева: « Бүгін жасай алатын ісіңізді, ертеңге дейін қалдырмаңыз»

Дата: 01.09.2020 Рубрика: Тіл жаңғырту
500
0
Әнел Пимичева:  « Бүгін жасай алатын ісіңізді, ертеңге дейін қалдырмаңыз»

«Қойылған мақсатқа жетем десеңіз, міндетті түрде осы шартты орындау керек,- дейді бүгінгі біздің кейіпкеріміз Қостанай қаласының тұрғыны Әнел Пимичева.

Әнел 17 жаста. Биыл қазақ мектебін бітіріп, Қостанай өңірлік университетінің тарих факультетіне түсті. Әнелді кез- келген қалалық концерттерде, сахнада көруге болады. Вокал, биды жақсы көреді. Пікірсайыс клубының турақты қатысушысы. Ұлты орыс болса да, мемлекеттік тілді, ана тіл ретінде қабылдайды екен. «Мен орыстың қазақ қызымын,»- дейді Әнел.

Ол 3 жастан бастап, қазақ балабақшасына барды. Содаң соң қазақ мектебінде оқыды. Нағашы атасының Нияз Махметұлының және анасының көмегімен тілді тез үйренді. Бірақ мектепте бастауыш сыныптарда орташа бағаны да алған кездері болған екен. Ең бастысы – мақсат қою. Қай елде тұрсан, сол елдің тілін білу керек. Сонда ғана сол елдің халқына жақын боласын.

« Ал қазақ тілі анашымның тілі, ана тілім. Сондықтан да білуге тырыстым. Әрине киындықтар болды. Ұстаздарыма да көп рахмет»,- дейді Әнел. Тілді білудің арқасында жақсы белсенді құрдастарымен танысты. 2017 жылы Қазақ тілі пәнінен Республикалық олимпиадаға қатысып бірінші орынға ие болды. Сайыс басқа ұлт өкілдерінің арасында өткен. Мектепте жыл сайын өтетін «Жылдың оқушысы» фестивалінда жеңімпаз атанды.

Он жеті жастағы оқушының жетістіктері мол. Әнел «Абай 175» челлендждің, Ұлы даланың ұлт аралық тілі форумның қатысушысы. Президенттің атынан алғыс хатты алған. Мейрім медальдің иегері, үздік ғылыми жұмыс авторы деген, төс белгінің иегері, Ал қазір Әнел тағы бір сайысқа қатысып отыр. Ол «Елбасының медалі». Олай болса, Әнелге сәттілік тілейміз.

Әсем Айнабекқызы

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!