Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

Уақыт талабы – жаңаша оқыту

Дата: 04.08.2020 Рубрика: Тіл жаңғырту
559
0
Уақыт талабы – жаңаша оқыту
Газетімізді тек балалар ғана емес, сондай-ақ олардың мұғалімдері де оқиды деп ойлаймын. Ендеше мен әріптестеріммен ой бөліссем деймін. Қазіргі кезең - білім берудің ұлттық моделіне өтетін мерзім. Қ азақ тілін оқыт у барыс ында оқушыларға туған тілінің қыр-сырын, табиғатын таныта отырып, өмірден өз орнын таба алатын, өзіне сенімді нағыз ұлтжанды, парасатты ұрпақ тәрбиелеу үшін педагогиканың озық үлгілерін жаңашылдықпен пайдаланып, тәжірибені байыта түсуіміз және заман талабына сай еңбектенуіміз қ а жет. Өзім с абақ тарымда сын тұрғысынан ойлау технологиясы мен жаңа заман технологияларын пайдаланып жүрмін. Жаңа технологияны пайдаланып оқыту – сабақтың қызықты да тартымды және тиісті түрде өтуінің арқауы болып табылатын, алдағы уақытта оны бұдан да терең білім жолдары күтіп тұрғанын сездіретін пәрменді әдіс. Қайшылығы бар ұсыныстар мен сұрақтар қою арқылы проблемалық жағдаяттар туғызылып, оның шешімін табу үшін пікірталастыра отырып ақиқатты іздеумен жалғастыруға болады. Жаңаша оқыту технологиясының тиімділігі: оқушының зейіндік, үлгірім, алған білімінің сапалығы, ғылыми көзқарасының қалыптасуы болып табылады. Оқушыларды жаңа заман технологияларын пайдалана отырып оқытудың негізгі қ ағидалары мыналардан тұрады:
 - баланың танымдық белсенділігін дамыту;
- баланы ізгілікті адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеу;
- өз бетімен әрекеттесу әдістерін меңгерту;
- тілдік қорын молайту, өз ойын еркін жеткізе білуге үйрету.
Жеке а дамды қалыптастырып дамыту және оған жан-жақты терең білім беру мақсатында көптеген білім беру технологиялары ұсынылуда: дамыта оқыту технологиясы, саралап оқыту технологиясы. Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту үшін өздігінен жұмыс істеуге баулу, өз ойын тұжырымдауға дағдыландыру, оқушылардың белсенділігін арттыру барысында проблемалық сұрақтарды пайдалану, проблемалық ситуациялар туғызу. Тиімді оқыт удың негізгі бір шарты – білімнің мазмұнын дәл, тиянақ ты анықтау. Негізгі ұғымдар мен мәселелерді, теория мен фактілерді қажеттілігі мен тиімділігіне сай іріктей білу, өз бетімен оқи білуге, білім алуға үйрету. Қазақ тілі сабағында әдістерді тиімді пайдалану арқылы оқушылардың білімге деген қызығушылықтарын арттыру, терең ойлау қабілетінің белсенділігін қалыптастыру, оқытудың жаңа технологиясы арқылы жүзеге асып келеді. Қазақ тілі сабақтарын өткізу барысында «Сын тұрғысынан ойлауды дамыту» бағдарламасы: «Ой шақыру», «Сұрақ қою», «Кубизм», «Кластер», «Түртіп алу», «Бес жолды өлең» стратегияларын тиімді пайдаланамын. Сын тұрғысынан ойлау мен жазу бағдарламасын сабақтарда қолдану - оқушыға үйрету емес, оқушының үйренуіне көмектесу негізінде іске асырылады. Бұл жүйе оқытуды жаңаша ұйымдастырудың негізгі міндеттерін жүзеге асырады.  

Ж.АЛЫПСОҚОВА, Қазақ тілі пәнінің мұғалімі

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!