Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

Логикалық ойындар

Дата: 11.08.2020 Рубрика: Тіл жаңғырту
1060
0
Логикалық ойындар
1. Олар қандай баға алды?
Айгүл, Майгүл, Толқын үшеуі қазақ тілі пәнінің бақылау жұмысынан қандай баға алғанын сұрағанда, мұғалім: “Ешқайсысың жаман баға алған жоқсыңдар, бірақ әрқайсыңның бағаң әр түрлі. Айгүлдің бағасы «3» емес, ал Толқынның бағасы «3»-те «5»-те емес”, – деді. Сонда әркім қандай баға алған?
2. Қай ауылдың балалары? Самат, Қайсар, Нұрлан үшеуі лагерьде кездесті. Бұлардың біреуі – Ақкөлден, екіншісі – Аққұмнан, үшіншісі – Кеңестен келген. Нұрлан мен Аққұмнан келген Қайсар екеуі бір бөлмеге орналасты, бұлардың екеуі де Ақкөлде болып көрмегендігі болса, қай бала қай ауылдан келген?
3. Кім кімнің қызы? Айсұлу мен Аружан – Асқар мен Мұраттың қыздары. Айсұлу Асқардың қызынан 2 жас кіші болса, бұлардың әрқайсысының әкелерінің аты кім?
4. Кім қанша жаста? Үш ағайынды. Берік, Қанат , Айдар ағайынды үшеуі әр сыныпта оқиды. Қанат Айдардан, ал Айдар Беріктен кіші емес. Бұл үйдің үлкені, ортаншысы, кішісі кім?

 

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!