Көркем жазу
Дата: 16.07.2020 Рубрика: Тіл жаңғырту
0
2160
0
Әдемі жазу – өнер. Таза, анық, әдемі жаКөркем жазу зуды оқуда жеңіл ондай жазумен берілген ойды түсіну де оңай. Әріп таңбаларын әдемі, көркем етіп жазуға жаттықтыру мақсатында жүргізілетін жұмыстардың оқушы бойында жақсы қасиеттердің қалыптасуына ықпалы етеді. Жазу процесінде оқушы дұрыс оты ру керек, қаламсапты дұрыс ұстауы, - дәптерді партаға орналастыруы, осының әрі баланың көзіне, жазуына жұмыс қабілетіне әсерін тигізеді. Отырғанда орындық партаға кіріп тұруы керек, сол қол дәптерді басып тұрады, ал оң қолдың басы дәптерде жатады. Бала мен партаның арасына жұдырық сыя тындай болуы керек. Көз бен дәптердің - арасы 30 см болуы шарт. Жарық сол жақтан түсуі керек. Жазу ұзақтығы 1 сыныпта – 5 минут, 2 сыныпта – 8 ми нут, 3 сыныпта – 12 мин, 4 сыныпта – - 15 минут. Одан ұзақ жазу баланы шар шатады. Арасында балаларды демал - дырып, сергіту жаттығуларын жасаған - дұрыс. Көркем жазу үрдісін жүзеге асыру үшін жазу құралдарының (қаламсап, қарындаш, бор) көмегі керек. Көркем жазу ережесі: Жазудың құралдарын пайдалана білу; Дәптердің дұрыс орналасуы; Дұрыс отыра білу; Қолдың дұрыс қозғалысы; Үлгі мен жазудың нәтижесін салыстыра білу; Баспа әріпті жазбаша түрде жаза білу; Әріптің дұрыс жазылуын білу; Әріпті байланыстыра білу (үзіліссіз, жоғарғы жағынан, төменгі жағынан; Әріптің біркелкілігін сақтау; Сызықтар арасында және бір сызықта жаза білу; Жазудың басталуы және бір жолды дұрыс толтыра білу; Жазудың бағытының дұрыстығы. Бұл ережелерге оқушылар бірден емес, біртіндеп 2-3 жылда барып қалыптасады. Жалпы оқушының каллиграфиялық дағдысының қалыптасуына алғашқы рет қаламсап ұстап, әріп жазған кезіндегі әдістәсілдер көп әсер береді. Әдемі, сұлу жазудың негізгі дағдылары 1-2 сыныптарда қалыптасады. Сол кезде көркем жазуын жөндемесе сол қалпында қалып қоюы мүмкін.
Айнаш ЗАКАРЯҚЫЗЫ, Қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі
Айнаш ЗАКАРЯҚЫЗЫ, Қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі
Комментарии