Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

Дмитрий РОМАЩЕНКО: «Жүректің ыстық ықыласымен...»

Дата: 21.07.2020 Рубрика: Тіл жаңғырту
488
0
Дмитрий РОМАЩЕНКО: «Жүректің ыстық ықыласымен...»
 – Өзге ұлттың тілін, тек осындай ниетпен және көп еңбектеніп меңгеруге болады, – дейді гимназияның қазақ, Максим Горький атындағы тілі және әдебиеті пәндерінің Дмитрий Сергеевич Р мұғалімі омащенко. Осы тақырып жайында қашықтан сұхбаттасқан едік.


– Сәлеметсізбе Дмитрий Сергеевич! Сіздің қазақ тілі пәнінің мұғалімі екеніңізді ғана білемін. Осындай деңгейге қалай жеттіңіз? Өзіңіз туралы айтып берсеңіз.
– Иә, қазір мен қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімімін. Сонымен бірге А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ педагогика мен психология мамандығының магистрантымын. Биыл 1 курсты бітірдім. Ұлтым – украин.
– Болашақ қазақ тілі пәнінің мұғалімі қай мектепті бітірді?
– Өзім Федоров ауданы, Федоров ауылында дуниеге келдім. Орыс мектебін бітірдім.
– Қазақ тілін қалай үйрендіңіз? Кім, не әсер етті? Отбасыңызда қазақ тілін жетік білетіңдер бар ма?
– Отбасымда қазақша сөйлейтін адам жоқ. Федоров ауылы өзі де орыстілді орта. Қазақ тіліне деген қызығушылығым мектеп қабырғасынан бастау алды. Мұғалімдеріме мың да бір алғыс. Қазақ тілі сабақтары мен үшін өте қызықты болды. Алтыншы сыныптан бастап қазақ тілі бойынша әр түрлі сайыстарға қатыстым. 10 сыныпта окыған кезде «Тіл шамшырақтары» атты сайысында облыстық деңгейде үшінші орын алдым.
– Мұғалім боламын деп армандадыңыз ба?
– Сайыстарда алған жетістіктерім жеке басыма қатты әсер етті. Сол кезде мен нақты шешім қабылдадым: мен мұғалім боламын. Мектеп бітірген соң Қостанай Мемлекеттік университетінің филология мамандығына оқуға түстім. Қиыншылықтар кездесті, әрине. Бірақ оқытушыларым маған қолдау көрсетті. Диплом алғаннан кейін туған мектебіме барып, 4 жыл бойы мұғалім болып жұмыс істедім. Аз уакыт ішінде көп кәсіби сайыстарға қатыстым. Жетістіктер арқылы уақыттан тыс жеке санатымды көтердім. Туған мектебімде үлкен мұғалімдік тәжірибе алдым. Кез келген тілді меңгеру – үлкен жұмыс. Бастапқы білім – мектеп. Кәсіби білім – университет. Және де тіл меңгерудің маңызды бөлігі – орта. Міндетті түрде қазақтілді орта болу керек.
– Қазіргі кезде орыстілді азаматтар, мемлекеттік тіл өте қиын деп айтып жүреді. Сіз осы пікірмен келісесіз бе?
– Қазақ тілі өте қиын деген пікірмен келіспеймін. Екі тіл арасында ортақ қасиеттерді табуға болады. Мысалы, екі тілдің синтаксисы бірдей емес пе? Тіл қиын емес, әдістемелік мәселелер қиын. Нақты, сапалы кітаптар, әдістемелік құралдар керек. Қазіргі таңда елімізде нақты сапалы жүйе әлі жасамаған сияқты. Тіл мәртебесін көтеру мақсатында түрлі іс-шаралар өткізу керек. Облыста «Тілдарын» клубы жұмыс атқарып жатыр, тілдерді оқыту орталығының есіктері әрқашан ашық. Бірақ көп адамдар сол туралы білмейді екен.
– Орыстілді азаматтарға, мемлекеттік тілді тез меңгеруге қандай кеңес берер едіңіз?
– Орыстілді азаматтарға мыңадай кеңес беремін: бүгіннен бастаңыздар, өзіңнен бастаныздар. 21 ғасыр – жаңа технологиялар ғасыры. Ғаламторда тегін ресурстар өте көп: бейнесабақтар, бейнероликтер, онлайн сайттар, сөздіктер барлық жағдайлар жасалған. Онлайн – аудармашы ресурстарын ешқашан қолданбаңыздар. Олар сіздерді дұрыс жолдан шығарады. Ең бастысы – жүректін ыстық ықыласы!
– Уақыт бөліп, сұхбаттасқаныңызға көп рахмет!

Сұхбаттасқан Әсем АЙНАБЕКҚЫЗЫ

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!