Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

Ақгүлдің тілі – рухты еді...

Дата: 16.07.2020 Рубрика: Тіл жаңғырту
523
0
Ақгүлдің тілі – рухты еді...
Ақкүл Наурызымның сайын даласында өскен жауқазын еді. Ойхой, оның өмірге деген құштарлығын айтсаңшы! Тілім-жаным, тілім-жүрегім – ақ дейтін шынайы қазақы балапан еді, айналайын. Ол ес білгеннен-ақ ана тіліндегі өлең жырды жаттап алып, жүрегімен айтып беретін. Мүдірмейтін, сөйлегенде жанарынан ұшқын лаулағандай жарқырап кететін. Оқуға, қарапайым іске зерек әрі ұқыпты болды. Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері дегенде, бойын айрықша бір толқитын. Ұлы ақынның : «Қазақтың қара өлеңі – құдіретім, Он да сұмдық бір сыр бар естілмеген» деген екі жолын айтқанда, дауыс ырғағынан жүрек дірілі сезгендей болушы едік. Туғаннан дертті болса да, жұдырықтай сүйкімді қыз барлық қиындықты көтеріп, мектепте жақсы оқып, белсенді болуға тырысты. Бір кезең назардан тыс қалып қойды. Көшеде кезіккен Ақгүл әдемі жымиысымен: «Апай, сіз мені мерекеге шақырмадыңыз ғой, ұмытып кеткен жоқсыз ба?» – деп сұрады. Тосылып қалған мен ол мерекелік шараға тек мүгедек балалар қатысатынын қалай жеткізерімді білмей, «Ақгүл, сен қазір сырқатыңнан жазылдың. Ол жақсы ғой. Денсаулығыңды күтіп жүр» дедім. «Рахмет» – деп күлімсіреген оның қасынан өте бердім. Түрлі мерекелік іс-шараларға Ақгүл белсене қатысты. Бір қарағанда ұяң болып көрінгенмен, оның бойында ерекше бір өрлік, мықты бір тін бардай көрінетін. Ән айтып, би билеп, бар өнерін ортаға салушы еді. Сыйлыққа берген ойыншықтар мен мадақтама грамоталар үйінде аса бір ұқыптылықпен жиналып тұр екен. Анасына: «Мен өскен соң оқимын, тіл маманы боламын. Қазақ тілінің киелі екенін әлі – ақ дәлелдеймін. Жұмыс істеп сізге көмектесемін», – дейтін. Он үш мүшелін кең пәтерге шығып, құрбыларымен атап өтуді армандайтын. Өткен жылдың күзінде он екіде бір гүлі ашылмаған арманшыл Ақгүл өмірден озды. Құрбы-достарының есінде туған тілін ардақтап өткен өршіл рухты, жанарынан шуақ төгілген мейрімді Ақгүл ұзақ сақталатыны анық. Таяуда басына ескерткіш тақта қойылды.

Фарида ЫСҚАҚОВА Наурызым ауданы

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!