Болашақты қалыптастыратын мамандық
Дата: 13.10.2026 Рубрика: Наше будущее
0
5
0

«Жастар сарайы» мәдени орталығында Ұстаздар күніне арналған салтанатты мерекелік концерт өтті. Өңірдің басты білім ордасына айналған шараға Қостанай облысының түкпір-түкпірінен мектеп мұғалімдері, тәрбиешілер, колледж оқытушылары мен өндірістік оқыту шеберлері, арнаулы және қосымша білім беру педагогтері жиналды.
Мерекелік кеш күн сайын балаларға білім беріп, олардың қабілетін ашуға, болашақ мамандығын таңдауға бағыт-бағдар көрсетіп жүрген ұстаздарға деген құрметті айшықтады. Ұстаз шәкіртіне тек білім беріп қана қоймай, оны қоршаған ортаны тануға, өз мүмкіндігіне сенуге, еңбекқорлық пен жауапкершілікке тәрбиелейді. Сондықтан педагог еңбегі – ел болашағына салынған ең маңызды инвестициялардың бірі. Шара қонақтары алдымен фойеде ұйымдастырылған фотогалереямен танысты. Мұнда Қостанай облысының білім саласына елеулі үлес қосып, кәсіби жетістіктерімен өңір абыройын асқақтатқан көрнекті педагогтердің портреттері қойылды. Фотогалерея ұлағатты ұстаздардың еңбегін ұлықтап, олардың кейінгі буынға үлгі боларлық кәсіби жолын таныстырды.
Ұстаз мамандығының маңыздылығы мен оның ел болашағын қалыптастырудағы айрықша рөлін Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов өз құттықтауында атап өтті.
«Осыдан он жыл бұрын ғана Қостанай облысы негізінен аграрлық өңір болса, бүгінде сапалы серпіліс жасап, отандық машина жасау мен өнеркәсіптің негізгі орталықтарының біріне айналды. Бұл – білім беру жүйеміз даярлаған, ғылым, технология және өндіріс тоғысында еңбек ете алатын білікті мамандардың еңбегінің нәтижесі. Дәл осы адами капитал Қостанай облысының бәсекелестік артықшылығына айналады. Мұндай жетістіктердің артында адамдар тұр – білім беріп, білім алып, өңірдің болашағын қалыптастырып жүрген жандар», – деді облыс әкімі.
Мерекелік бағдарламаның ең маңызды бөлігі облыс педагогтерін марапаттау рәсімі болды. Кәсіби шеберлігі, білім беру саласын дамытуға қосқан елеулі үлесі, шәкірт тәрбиесіндегі жоғары нәтижелері үшін бірқатар ұстаз «Еңбек ардагері» медалімен, «Ы.Алтынсарин» және «Қазақстан Республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгілерімен марапатталды. Сондай-ақ педагогтерге Оқу-ағарту министрлігінің Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттары, Қостанай облысы әкімінің грамоталары табысталды. Марапат төрінен көрінген ұстаздардың әрқайсысының артында талай жылғы қажырлы еңбек, жүздеген шәкірттің тағдыры мен мамандыққа деген шынайы адалдық жатыр.
Шын мәнінде, ұстаз еңбегінің бағасы тек марапатпен өлшенбейді. Оның ең үлкен нәтижесі – білімді, білікті, елге қызмет ететін шәкірт тәрбиелеу. Кеше мектеп партасында отырған жас бүгінде түрлі салада еңбек етіп, қоғамның дамуына өз үлесін қосып жүрсе, бұл – ұстаз еңбегінің жемісі. Мерекелік кеш концерттік бағдарламамен жалғасты. Сахнада ән шырқалып, би биленіп, ұстаздарға арналған музыкалық және шығармашылық қойылымдар ұсынылды. Өнерпаздардың әсем әні мен әсерлі өнері залдағы көрерменге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Комментарии