Ұрпаққа мәңгілік өнеге
Дата: 27.10.2026 Рубрика: Наше будущее
0
5
0

Қазақ даласында білім мен ағартушылықтың шамшырағын жағып, ұлт болашағын оқу-біліммен байланыстырған Ыбырай Алтынсариннің өнегелі өмір жолы мен бай рухани мұрасы – ұрпақтан-ұрпаққа жалғасатын баға жетпес қазына.
Оның «Кел, балалар, оқылық!» деп басталатын ағартушылық үндеуі арада қанша уақыт өтсе де, өз маңызын жоғалтқан емес. Білімді елдің болашағы кемел болатынын терең түсінген ұлы ұстаздың идеялары бүгінгі қоғам үшін де рухани бағдар болып қала береді.
Мерейтойлар аясында Қостанайда «Алтынсарин ізі – ұрпаққа мәңгілік өнеге» атты облыстық ғылыми-туристік форум өтті. Тағылымды жиын ұлт ұстазының мұрасын кеңінен насихаттауға, оның ағартушылық жолын ғылыми тұрғыдан зерделеуге және музейдің 35 жылдық тарихын саралауға арналды. Форум – біртуар тұлғаның есімін ұлықтаумен қатар, оның білім мен тәрбиеге негізделген идеяларының бүгінгі ұрпақ үшін де өміршең екенін айқындайтын маңызды басқосу. Өйткені Ыбырай Алтынсарин қалдырған мұра – тек тарихтың еншісіндегі құндылық емес, ұлттың рухани жаңғыруына қызмет ететін мәңгілік өнеге.
Мерейтойлық шара «Qostanai» телеарнасы әзірлеген, музейдің 35 жылдық тарихынан сыр шертетін арнайы бейнематериалмен басталды. Онда мәдени орданың қалыптасу кезеңдері, жылдар бойы атқарған мәдени-ағартушылық қызметі мен тарихи-рухани мұраны сақтау жолындағы еңбегі кеңінен баяндалды. Уақыт өткен сайын құнды жәдігерлермен толығып, ғылыми-зерттеу бағытындағы жұмыстары өрістеген музей бүгінде ұлт ұстазының мұрасын ұлықтап, оны келер ұрпаққа жеткізетін маңызды рухани орталыққа айналды. Осы жылдар ішінде музей тарихы талай тағылымды іске толығып, өңірдің мәдени өмірінен берік орын алды.
Салтанатты жиында облыс әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов құттықтау сөз сөйлеп, облыс әкімі Құмар Ақсақаловтың мерейтой иелеріне арналған құттықтау хатын жеткізді.
«Ыбырай Алтынсарин – қазақ халқының тарихында өшпес із қалдырған ұлы тұлға. Ұлт ұстазының есімімен тығыз байланысты Қостанай өңірі оның бай мұрасын сақтау мен дәріптеуге айрықша мән беріп келеді. Ағартушының өмірі мен еңбегін ұлықтап, рухани мұрасын ұрпаққа жеткізу бағытында 35 жыл бойы жүйелі жұмыс жүргізіп келе жатқан Ыбырай Алтынсариннің облыстық мемориалдық музейі ұжымының еңбегі зор. Бүгінгі мерейтой – музей тарихындағы маңызды белес әрі ұлт руханиятына қызмет етіп жүрген баршаңыздың еңбегіне көрсетілген құрмет. Осы орайда облыс әкімінің ыстық ықыласы мен ізгі тілегін жеткізуге рұқсат етіңіздер», – деді Бақытжан Нарымбетов.
Облыс әкімінің құттықтауында музей ұжымының ағартушы мұрасын сақтау, ғылыми тұрғыдан зерделеу және кейінгі ұрпаққа насихаттау жолындағы еңбегіне құрмет білдірілді. Мерейтой музей қызметкерлерінің көп жылғы ізденісі мен табанды еңбегін бағалап, өңірдің рухани-мәдени өміріндегі орнын айқындай түсті.
Мерейтой аясында музейдің дамуына, сондай-ақ ұлы ағартушының өмірі мен мол мұрасын зерттеп, насихаттауға елеулі үлес қосқан қызметкерлер Қостанай облысы әкімінің Құрмет грамотасымен марапатталды. Олардың қатарында осы қара шаңырақта 30 жылға жуық уақыттан бері абыройлы еңбек етіп келе жатқан музейдің бас қор сақтаушысы Назгүл Шектыбаева, ғылыми-ағартушылық қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісі Роза Шалапова, экскурсия-бұқаралық бөлімінің меңгерушісі Айымгүл Омарқанова және экскурсия жетекшісі Айгүл Тошаманова бар. Ұлт ұстазының рухани мұрасын көздің қарашығындай сақтап, оны келушілерге таныту жолында табанды еңбек етіп жүрген мамандардың еңбегі осылайша лайықты бағаланып, құрметке бөленді.
Ыбырай музейі бір күнде пайда болмағаны белгілі. Оның қалыптасу жолында талай азаматтар тер төгіп еңбек етті. Осындай азаматтардың есімдері аталып, дамуына атсалысқан ардагерлерге де құрмет көрсетілді. облыстық мәдениет басқармасының басшысы Құралбек Атамұратов та сахна төрінде бүгінгі мерекемен баршаны құттықтап, музейдің дамуына сіңірген еңбектері үшін бірқатар ардагерлерге, атап айтсақ, Ұрқия Рысжановаға, Үміт Әкімбаеваға, Роза Қуановаға, Мұханбетқали Рахалиевке басқарманың Алғыс хаттарын табыстап, лебізін жеткізді.
Басқосуда музейдің ғылыми қызметкері, ыбырайтанушы ғалым, философия ғылымдарының кандидаты, Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетінің профессоры Қалқаман Жақыптың «Тарих. Тұлға. Руханият» атты кітабының тұсаукесері өтті. «Қарлығаш» баспасынан жарық көрген жинаққа ғалымның әр жылдары аудандық, облыстық және республикалық басылымдарда қазақ және орыс тілдерінде жарияланған мақалалары енгізілген. Еңбекте тарихи тұлғалардың өмірі мен қызметіне қатысты архив құжаттарына негізделген құнды деректер де қамтылған.
Кітаптың жарық көруіне музей қызметкерлері де зор үлес қосты. Олар ғалымның газет беттерінде жарияланған мақалаларын жинақтап, қолжазба еңбектерін электрондық нұсқаға айналдырып, баспаға әзірлеу жұмыстарын атқарды. облыс әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов, белгілі ақын, қаламгер Ақылбек Шаяхмет және кітап авторы Қалқаман Жақып кітаптың лентасын қиды. Басылым ұлы ағартушы мұрасын зерттеуге, тарихи деректерді ғылыми айналымға енгізуге қосылған маңызды үлес деуге болады.
Форум аясында белгілі лингвист-ғалым Секерхан Хасанованың «Ыбырай тілі» атты ғылыми-зерттеу еңбегінің де тұсауы кесілді. Бұл еңбектің музей қорына түсу тарихының да өзіндік тарихы бар. 2021 жылы музей қызметкерлерің Алматы қаласына ғылыми-экспедициялық сапармен барады. Сол сапар барысында ғалымның «Ыбырай Алтынсарин және қазақ жазба әдеби тілі» атты диссертациялық зерттеуінің қолжазба нұсқасын марқұмның жұбайы, алматылық ғалым әрі жазушы Бақытжан Хасанов музей қорына тапсырған екен. Содан бері музей ұжымы қолжазбаны ғылыми және рухани құндылығы жоғары еңбек ретінде сақтап қана қоймай, оны көпшілікке ұсыну мақсатында жүйелі жұмыс жүргізеді. Қызметкерлер қолжазбаны компьютерге теріп, баспаға әзірлеп, редакциялайды. Демеушілердің қолдауымен жарық көрген «Ыбырай тілі» еңбегі ұлы ағартушы шығармаларының тілдік ерекшеліктерін тереңірек зерделеуге жол ашатын маңызды ғылыми басылым. Кітаптың тұсауын Ыбырай Алтынсариннің мұрасын зерттеуге елеулі үлес қосып жүрген «Ыбырай Алтынсарин» төсбелгісінің иегерлері, ыбырайтанушы ғалымдар Серікбай Оспанұлы мен Қалқаман Хасенұлы кесті.
«Секерхан Хасанова өмір бойы Ыбырай Алтынсариннің тілін зерттеп, 500 беттен тұратын еңбек дайындаған. Сол кітаптың қолжазбасын музейге әкеліп, қорға қойған едік. Содан бері біраз уақыт өтті. Енді, міне, еңбектің кітап болып жарық көруіне мүмкіндік туып отыр. Біз қолжазбадағы кейбір сөздер мен мәліметтерді нақтылап, түзетуге тырыстық. Менің білуімше, бұл – тұтастай Ыбырайдың тіліне арналған алғашқы кітап. Бес жүз бет материал дайындау оңай шаруа емес. Ыбырайдың тілі кеңес заманында да зерттелген. Тіпті одан бұрын, патшалық Ресей тұсында жарық көрген басылымдардың бірінде «Ыбырай Алтынсариннің тілі – ең жақсы, ең керемет тіл» деген баға берілген. Бүгінде біз қолданып жүрген қазақ тілінің қалыптасуына Ыбырай Алтынсариннің қосқан үлесі зор», – деді Серікбай Оспанұлы.
Форумдағы сүйінші жаңалық
Мерейтойлық форумдаға тағы бір сүйінші жаңалық, ұлы ағартушының 1884 жылы жарық көрген «Шариатул-ислам» еңбегі «Мүфтият» баспасынан қайта басылып шықты. Жаңа басылым оқырманға ыңғайлы болуы үшін бірнеше нұсқада әзірленіп, кирилл графикасындағы қазақша тәржіма, латын графикасындағы транскрипция, қадім жазуымен қайта терілген түпмәтін және түпнұсқа жәдігердің факсимилесі қамтылған. Бұл бастама Ыбырай Алтынсариннің діни-ағартушылық көзқарастарын тереңірек түсінуге, оның еңбектерін қазіргі оқырманға қолжетімді етуге мүмкіндік береді.
Музей тарихы сөз болғанда оның ашылуына қолдау көрсеткен азаматтардың еңбегін де атап өту маңызды. Солардың бірі – музейдің негізін қалауға қолдау білдірген, сол кезеңде Қостанай облысының әкімі болған Кенжебек Үкіұлы еді. Сонымен қатар алғашқы экспозицияларды жасақтауға үлес қосқан белгілі кітапханашы, жерлесіміз Назира Дәулетованың еңбегі де музей тарихында ерекше орын алады. 1998 жылдары музейдің жабылып қалу қаупі туындаған күрделі кезеңде Қостанай облысының мәдениет саласын ұзақ жылдар басқарған көрнекті қайраткер Римма Ғабдолақызы Ғайсенова табандылық танытып, музейдің сақталып қалуына қолдау көрсетті. Оның сол кезеңдегі жанашырлығы мен азаматтық ұстанымы өңірдің тарихи жадын сақтауға бағытталған маңызды қадамдардың бірі болды. «Алтынсарин ізі – ұрпаққа мәңгілік өнеге» атты облыстық ғылыми-туристік форум ұлы ағартушының мұрасын дәріптеп қана қоймай, музейдің 35 жылдық тарихын саралап, оның дамуына үлес қосқан азаматтардың еңбегін ұлықтаған тағылымды басқосуға айналды. Ұлы ұстаздың ағартушылық идеялары бүгінгі күні де өз маңызын жоғалтқан жоқ. Ал осы мұраны сақтап, зерттеп, жас ұрпаққа жеткізіп келе жатқан Ыбырай Алтынсариннің облыстық мемориалдық музейі – өткен мен бүгінді жалғаған, ұлттық руханиятты ұлықтаған қасиетті шаңырақ.

Комментарии