Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

Ата-ананың парызы

Дата: 03.11.2020 Рубрика: Білгіштер
524
0
Ата-ананың парызы

Қазақ халқы бала тәрбиесіне үлкен мән береді. Бабалардан қалған бала өмірге келген күннен бастап жасалатын жөн-жоралғылар да қаншама. Баланың алғаш дүние есігін ашқанынан бастап, оған қырағы көңіл бөлініп, түрлі ырымдар жасалатыны да жасырын емес. Мұның барлығында, қазақ халқының менталитетіне тән тәрбиенің қайнар көзі жатыр. Демек, балаға деген тәрбие бесіктен басталады.

Әр ата-ана үшін өз перзенті Алланың берген үлкен сыйы. Бала үшін «отбасы» оның алтын қақпасы мен қорғаны. Негізгі тірегі, анасы мен әкесі оның бары мен нары, байлығы. Отбасы – бұл кішкентай мемлекет. Осы мемлекеттің өзіндік қызметтері мен міндеттері бар. Негізгі қызмет – бұл балаға дұрыс тәрбие беру. Оның адамгершілігі мол, үлкенге құрмет кішіге ізет көрсете білетін, ел қатарлы азамат етіп өсіру. Осындай, міндеттерді орындауда ата-ананың орны бір төбе.

Көп ретте, баланың тәрбиесін анасына жүктеп жатамыз. Әрине, тоғыз ай көтеріп, толғатып жарық көзін көрсететін, алпыс екі тамырын идіріп, ақ сүт беріп, бар мейірімін төгетін – ананың орны тым бөлек. Асқар таудай әкеміздің барына не жетсін?! Еркелігімізді көтеріп, қаһарын көрсетпей, қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқырмай өсіреді емес пе?! Әр адам ойындағы, «мінсіз отбасы» осындай болар, сірә?! Дегенмен, қазіргі заманда, уақыт пен жұмыс жарыса жүйіткігенде, үйге, балаға, тіпті өмір сүруге де уақыт жетпей қалады ма, қалай өзі?!

Барлық жауапкершілікті баланың өзіне, қоғамға, мектептің жүрегі ұстазға арта салатынды шығардық. Бір шикілік шыққанда, «уақыт қайдан болсын, жұмыстамыз ғой», «үйдегі тіршіліктен босамаймыз», деп күйініп жатамыз. Бірақ, балаға ұстаз емес, бірінші ата-ана әсер етенін ұмытпағанымыз жөн. Ұстаз қанша білім бергенімен, тәрбиені бала үйінен алады. Сондықтан, жұмыс емес, ата-ананың балаға деген жауапкершілігі басты назарда болуы керек деп білемін.

Қалай болған күннің өзінде, балалық шақ өмірде бір-ақ рет беріледі. Ол өтеді де кетеді, оны қайта қайтарып ала алмайсың. Одан тек қана, естеліктер қалады. Осы естеліктер, қатал өмірде үміт отын сыйлап, қашанда шабыт беріп, жан-дүниемізге жылулық сыйлауы тиіс. Ал, оның барлығын бала көңілінде жасай алатын тек, ата-ана!

Отбаслық қызметімізді мінсіз орындап, балаларымызға бақытты балалық шақ сыйлайық. Бала үшін ең маңызды, оның ата-анасы екендігін ұмытпайық. Балаңыз назардан тыс қалмасын!

 

 

Рабиға Сейфоллақызы,

Рассвет орта мектебі,

тәлімгер, директордың орынбасары,

Үштоғай ауылы.

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!