Бәйге жариялаймыз : «Абайды танисың ба?»
Дата: 16.07.2020 Рубрика: Білгіштер
0
679
0
Құрметті, оқырман! Біздің газеттің «Білгіштер» айдары өскелең ұрпақты ұлы ақын Абай Құнанбаев пен Әл-Фараби, сондай-ақ Ұлы даланың өзге де тарихи тұлғаларының өмірбаяны, шығармашылығы, ғылыми еңбек тері, мәдени және тарихи мұраларымен таныстыру мақсатына арналған. Сондықтан, мен бүгін сендерге Абай Құнанбаев жайлы ақпарат бергім келеді. Балақай, сен Абайды танисың ба? Абай Құнанбаевтың шын есімі – Ибраһим. Ол кісі 1845 жылы дүниеге келген. Ақынның әкесі Құнанбай, анасы Ұлжан және бәріңе белгілі әжесі Зере. Абай – ақын, ағартушы, аудармашы, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, айта берсең ізденісі көп жан. Бұл ақпараттар сендер үшін таңсық емес деп ой лаймын. Демек, сендер Абайды - танисыңдар! Абай – қазақтың жаз ба әдебиетінде өзіндік ерек - ше қолтаңбасы бар өшпес ұлы - тұлға. Ақынның бізге жеткен шығармалары әдебиетімізде айрықша орын алады. Оның қандай да бір шығармасын алып оқысақ та, адамға ой саларлық терең мағынаның жатқанын байқаймыз. Қанша уақыт өтсе де, ұлы ақынның мұрасы еш уақытта өз маңызын жоғалтқан емес, жоғалтпайды да. Ақын өлеңдерінің ба сым көпшілігі сендер - ге арналған, яғни оқу- - білім, ғылым тақырыбына алтын арқау болып өрілген. Өз заманындағы халықтың надандығы мен сауатсыздығына к үйіне отырып, ішк і жанайқайынан туған ой ларды Абай өлеңдерінде - шебер суреттей білген. Оның барлығын сендер қазір оқулықтарыңнан оқып жүрсіңдер. Сондықтан, Абайды қашанда тани біліңдер. Ұлы ақынның өмірі болашақ тарихи тұлғалар мен ұлыларға үлгі! Биыл Абай атамызға 175 жыл. Айтулы мерекеге орай Абай Құнанбаевқа арналған өздеріңнің өлең-шумақтарыңды немесе шығармаларыңды біздің редакцияға жолдасаңдар болады. Сенің туындыңды асыға күтеміз! Озып шыққандарға бәйгеміз бар!
Арайлым ҚАБИМОЛДАҚЫЗЫ
Арайлым ҚАБИМОЛДАҚЫЗЫ
Комментарии