Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

Дарынды оқушы «Daryn Online» жүлдегері

Дата: 10.11.2020 Рубрика: Білгіштер
541
0
Дарынды оқушы «Daryn Online» жүлдегері

Қазіргі таңда «Daryn Online» мектеп оқушыларына арналған үлкен сайт. Бұл жерде мектеп оқушылары өздерінің білімдерін шыңдай алады. Соның тағы бір мәрте куәсі болып отырмыз. Жақында Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігінің келісімімен бірлесе ұйымдастырылған, «Daryn Online» үздік білім беру платформасы бойынша дарынды оқушыларды анықтау мақсатында білім алушылар үшін өте тиімді жүлде ұйымдастырған болатын. Еліміздегі дарынды гимназия, Назарбаев зияткерлік мектебіне оқуға мүмкіндігі бар, шетелде оқуға грант ұтып алу мүмкіндігін туғызатын «Daryn Online» платформасынан білім алып, Қостанай облысы, Амангелді ауданы Ы.Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін орта мектебі, коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 3 сынып оқушысы Қазыкен Ақылбек Қостанай облысы бойынша бірінші орынға шығып, «ДАРЫНДЫ ОҚУШЫ» төсбелгісіне ие болды, үздік дипломмен марапатталып, керемет сыйлық ұялы телефонға ие болды. Баласы үшін қатты қуанған Ақылбектің анасы Оспанова Жадыра Қабденқызына арнайы «Алғыс хат» тапсырылды.

Мақтанышымыз облыс балаларының алдында рейтинг көрсеткіші бойынша алғашқы орындағы ең үздік «ДАРЫНДЫ ОҚУШЫ» атағына ие болды. Марапаттауды Қостанай облысының «Daryn Online» платформасы директорының орынбасары Калин Али Арманұлы арнайы табыстады. Бұл Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебінің басшысы Ғиваз Ақбайзенұлы мен сынып жетекшісі Қалиева Әйгерім және ұстаздардың еңбегі деп білеміз.

Дарынды оқушы Қазыкен Ақылбек еңбегін жансын, білімің биік шыңдарға жетсін, мектебіміздің, ауданымыздың, еліміздің үлкен азаматы бол деп тілек білдіргіміз келеді.

 

Бақытбек АҚЫНҒАЗЫҰЛЫ,

Ы. Алтынсарин мектебінiң

тәрбие iсiнiң орынбасары

Аманкелді ауданы

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!