Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

АБАЙ 175

Дата: 03.11.2020 Рубрика: Білгіштер
593
0
АБАЙ 175

Қазақтың ұлы ақын – Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай мектебімізде «Абай әлемі...» тақырыбында онкүндік өтті. Аталған онкүндік барысында оқушыларға ақынның туып, өскен ортасы, өмір жолы мен шығармалары жайлы толық мәліметтер берілді. Атап айтар болсақ, мектебіміздің 1 қабатында арнайы бұрыш жабдықталып, хакім Абай жайлы «Абай – дана, Абай – дара» тақырыбында көрме ұйымдастырылды. Бастауыш сыныптарда «Қазақтың ұлы ақыны – Абай» тақырыбында тәрбие сағаттаты өтіліп, ақынның өмірі мен шығармалары жайлы бейнеролик көрсетілсе, 5 - 11 сыныптарда қашықтықтан тақырыпқа сай бейнероликтер көрсетіліп, презентация арқылы ақынның қазақ әдебиетіне қосқан үлесі мен қазақ тарихындағы алатын орны жайлы толық мағлұмат берілді. 9 – 11 сыныптарға «Абайдың қара сөздері» аудиожазбасы тыңдатылды. 8 – 10 сынып оқушылары арасында «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы ...» тақырыбында мәнерлеп оқу сайысы ұйымдастырылып, жеңімпаздар анықталды. 9 - 11 сынып оқушылары арасында «Әлем таныған ұлы Абай» тақырыбында эссе жазылды. Сонымен қатар, ақынның 175 жылдық мерейтойына мектеп ұжымы қашықтықтан «Абай» тақырыбында диктант жазды.

Р.К. Нұрбаев

Жамбыл орта мектебі,

Науырзым ауданы.

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!