Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

Бала сияқты еді

Дата: 03.11.2020 Рубрика: Білгіштер
569
0
Бала сияқты еді

Әжем бізбен дойбы ойнайтын. «Баланың айтқаны келеді, баланың тілеуін құдай тез береді. Оң аяғыңды көтер. Басыңды шайқама. Себепсіз жылама» дейтін әжеміз біздің ауызымыздан шыққан әр сөзді бағып отыратын. «Іріктің аузынан шірік шығады» деп, қалай болса солай, не болса соны айтатын біреулерді жақтырмайтын.

«Кісі болар баланың кісіменен ісі бар, кісі болмас баланың кісіменен несі бар? Болар бала боғынан, болмас бала жоғынан. Болар елдің баласы он бесінде «баспын» дейді,

болмас елдің баласы отызында «жаспын» дейді. Отызында орда бұзбаған, қырқында қамал алмайды» дейтін еді әжем. Менің балам Жігер кішкене кезінде тақпақ айтып, елдің айтқан сөзін қайталап айтып, көп сөйлегенді жақсы көретін. Ондайда әжем «Жасыңда қалжың болсаң, өскенде мылжың боласың» деуші еді.

Біз демалыс күндері аулада көршінің балаларымен жасырынбақ ойнайтынбыз. Тығылатын жеріміз үйдің айналасы, шарбақ іші, қора қопсы.Сондайда көлеңкеде отырып, бізді көзден таса жібермей бақылайтын. Көз жұмушы бала көзін байқатпай ашып, кімнің қайда тығылуға бара жатқанын ұрлана қарайтыны болса, әжем елден бұрын айқай салып: « Өйтіп қараулық жасамай, шындап ойна! Қайтадан баста!» деп ойынды қайтадан бастатқызатыны болушы еді.Қайран менің әжем..

 

Жәния Ералиева

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!