Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

Менің сабақ оқуым және Әжем

Дата: 03.11.2020 Рубрика: Білгіштер
1236
0
Менің сабақ оқуым  және  Әжем

Ол кезде әжем зейнетақы алмайтын. Атам алатын қырық бес сом зейнетақыны орын-орнына жұмсайтын. Ақша қолға тиген күні алдымен ұн, май, қант-кәмпит сатып алады. Бірде дүкеннен шығып, мектепке келіпті. Мұғалім маған «Дәлізде әжең күтіп тұр, сыртқа шығып кел» деді. Әжем менің қолыма қағазға оралған вафлиді ұстатып, «Сабағыңды жақсы оқы» деп, тез бұрылып кетіп қалды. Мектептегі ата-аналар жиналысына, мереке күндеріне арнап дайындайтын іс-шараларға әжем қатысатын. Үйге келген соң «Жәния тақпақ айтқанда қысылмасын деп бетімді қолыммен көлегейлеп, әдейі көрмеген кісі сияқты отырдым. Бар баланың ішінде Жәнияны мұғалім жақсы оқиды деп айтты» деп, менің жақсы атанғаныма өзінің де үлес қосып жатқанын іштей ойлап, риза болушы еді.

Кейде жалқаулығым ұстап сабаққа дайындалмай барып, «екі» алып келгенімді қанша білдірмеймін десем де әжем біліп қояды. Ол әке-шешемнің көзін ала бере: «тамағыңды ішіп ал да, бар, сабағыңды оқы. Сен босқа қутыңдама. Біліп тұрмын, әкелші күнделігіңді!» дегенде, екі бетім дуылдап қоя береді. Мұндайда әжем зекіп ұрыспайды. Ақырын ғана қасыма келіп, «ақылдым, алтыным, сенің қолыңнан келеді» деп қолпаштап , сабағымды оқуға мүмкіндік жасайтын. Мен содан кейін әжем үшін, әжемнің сенімін ақтау үшін сабақ оқуға жан-тәніммен тырысатынмын.

Жания Ералиева

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!