Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

Әжем және киім -кешек

Дата: 03.11.2020 Рубрика: Білгіштер
783
0
Әжем  және  киім -кешек

Қысы-жазы басынан кимешегі, аяғынан пимасы, белінен белбеуі, алдынан шалғышы түспейтін, жанары тайған көздерімен кісіге мейірленіп қарайтын, барға қанағат етіп, жоққа сабыр сақтай білетін - Әжем. Қойдың жүнін жуып, түтіп, шүйкелеп, иіріп, иірілген жүн жіпті екі қабаттап ширатып, немерелеріне жаз бойы шұлық тоқитын. Оны аппақ қып жуып, жазда еттен босаған бақанға жұп-жұбымен іліп қоятын.

Шешем бізге жазда шыт, сәтеннен тігілген, қыста таза жүннен тоқылған киімдер кигізетін. Ауа өткізетін киімдер. «Сұлуынан жылуы» деп, қыс мезгілінде біздің аяғымыздан пима, басымыздан тұмақ, түбіт тақия, түбіт орамал шешпей жүруімізді қатты қадағалайтын. Мамам суық тимесін деп, әжем шариғатта қыз бала, әйел адам жалаңбас жүруге болмайды деп, екі шешем мені жасымнан басыма орамал салып жүруге үйретті. Ақ орамал, көк орамал, гүлді орамал, сәнді орамал әйел затына жарасып тұрады ғой. Анамыз мейрамда, қонаққа барғанда киетін бір киер киімдерімізді де жиі жаңалап отыратын. Біз шешеміз сатып алып берген жаңа киімді киіп, атам мен әжеме көрсетуге асығатынбыз. Ол екеуі бізден ары қуанып, «Жастарың ұзақ болсын, киімдерің тозғақ болсын. Бала жеңіне қарап өседі» дейтін. Қолымызға тиын ұстатып, байғазы беретін.

Тойбастар, теберіктен жиналатын қызыл-жасыл пүліш, барқыт шүберектерді қиыстырып, құрақ көрпе құрап, бізге барқытты астарлап, ортасына жұқалап жүн салып, жеңсіз пенжек тігіп беретін іскер еді, әжеміз. Әжем тіл мен көз тимеу үшін қазақ баласы қандай амалдар істесе, соның бәрін біз үшін іс жүзінде қолданатын. Менің үкі тағылған тақиям және бір жеңсіз қызыл пенжегім болған. Екі омыраудан етегіне дейін сөлкебай, тана, моншақ тігілген.

Жәния Ералиева

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!