Бағдарлама артықшылықтары
Бүгінгі жаңашыл заман ағымында елімізде білім беру жүйесіне көптеген өзгерістер еңгізілуде. Жаңартылған білім беру жүйесі жаңа білім беру бағдарламасы мен критериалды бағалауға негізделеді.
Заман талабына сай жаңартылған бағытты ұстанған №3 Денисов орта мектебінің ұжымы да дәл осы мақсатпен талмай еңбек етуде. Бүгінгі таңда, жаңартылған бағдарлама бойынша мектеп мұғалімдерінің 70% арнайы курстан өтіп өз біліктіліктерін арттырып ,өздерінің сабақтарын түрленген түрде өткізуде. Әр сабақта жаңа әдіс-тәсілдер қолданып, өзара бір-бірімен тәжірибе алмасып, мектеп және аудан көлемінде жаңа бағдарлама аясында ашық сабақтар мен семинарлар өткізіп, баспа беттеріне мақалалар жариялап, дөңгелек үстел, коучингтерді тиімді ұйымдастыруында.
Сондай-ақ, жаңартылған бағдарламаның тиімді тұстары деп оқушылардың түрлі әдіс-тәсілдер көмегімен өткен сабақ барысында ойын еркін айтып, мұғалім мен оқушы арасында кері байланыс орнатуға кедергісіз жол ашылғандығында болып тұр. Осы жолда оқушыларды ұдайы қолдап отыру, өз ойын еркін айта білуге мүмкіндік жасау, өз-өздерін бағалауды, топтық, жұптық жұмыс барысында жүзеге асырумен сабақтасып жатыр. Ендеше тіл мәртебесі жоғарыда болып, қарапайым қазақ халқы өзінің ана тілінде қарым-қатынас жасап, ұрпағымыз бәсекеге қабілетті әлеуметтік, қоршаған ортада өз орнын ойып тұрып алатындай қалыптасса арманымыз болмас.. Ендеше соған үміттенейік, еңбек етейік...
Маржан ҚАСЫМБЕК
№3 Денисов орта мектебі
Комментарии