Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

АБАЙ 175

Дата: 03.11.2020 Рубрика: Білгіштер
514
0
АБАЙ 175

Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойы аясында Әулиекөл ауданы білім ұйымдарында Абай онкүндігі өткізілді. «Мен де бір жұмбақ адаммын оны да ойла» атты байқауға 9-10 сынып оқушылары, ЖҒБ бағытындағы пән мұғалімдеріне арналған бейнесабақтар , «Мені Абай шабыттандырды" аудандық 1- 4 сынып оқушылары арасында суреттер мен «Абай мұрасы-адамзат қазынасы» атты педагогтар конференциясы, сонымен қатар «Жыр жазамын Абайдың үлгісімен» 9-11 сынып оқушылары арасында байқаулар өткізілді. Сонымен қатар «Абай – дана, Абай – дара қазақта» тақырыбында кітаптар көрмесі ұйымдастырылды.Көрмелер мектеп сайттарында жарияланды.

Шоқан Уалиханов атындағы 9 сынып оқушысы Есжан Жаннаның жұмысы ең үздік деп танылды. Математика пәні мұғалімі Жанна Игисинова ,№2 Қазанбасы мектебінің химия пәні мұғалімі Эльвира Алматова, Н.Островский атындағы Аманқарағай орта мектебінің 10 сынып оқушысы Ришат Зубаиров (қазақ тілінде), С. Баймағамбетов атындағы Әулиекөл гимназиясының 11 сынып оқушысы Кучер Полина (орыс тілінде) жұмыстар үздік деп бағаланды.

«Мені Абай шабыттандырды" 1-4 сынып оқушыларымен мектепке дейінгі білім беру ұйымдардың тәрбиеленушілірі арасында суреттер байқау өтті. Байқауға 61 жұмыс келіп түсті. Байқауға қатысқан барлық оқушылар мен педагогтар білім бөлімінің мадақтамаларымен марапатталды.

Аталмыш байқауға білім бөлімінің әдіскерлері өз бағыттары бойынша байқауларды өткізіп, білім басқармасындағы жауапты әдіскерлерге жолдады.

А.Алматов,

Әулиекөл ауданы

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!