Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

Тәрбие – таным бастауы

Дата: 27.10.2020 Рубрика: Білгіштер
528
0
Тәрбие – таным бастауы

Бала – біздің болашағымыз. «Тәртіптің ең тамаша мектебі ол – отбасы», «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің», дейді халқымыз. Иә, ұрпақтың тәрбиесі, қоғамның болашағы және оған аса зор жауапкершілікпен қарау әрбір саналы азаматтың борышы. «Ел боламын десең бесігіңді түзе», – деп М.Әуезов көрегендікпен дәл айтты емес пе? Бала тәрбиесінің дұрыс жолға түсуі оны қоршаған ортаға, әсіресе отбасы мен ұстаздар қауымының парасаттылығына байланысты. Қазірігі тез өзгеріп отыратын, өзара байланысқан әлемде өмір сүруге оқушыларды дайындау міндеті тәрбиешінің, мұғалімнің, отбасының сондай-ақ тұтастай бір мемлекеттің аса бір маңызды мақсатына айналғандай.

Мемлекетімізде сапалы білім беру мен қатар, болашақ жастарды рухани адамгершілікке тәрбиелеудің де зор қажеттілігі туып отыр. Бүгінгі күні, қарқынды дамып алға басып келе жатқан жас елдің «Рухани жаңғыру» деп айқын жол көрсетуінің өзі қазақ ұлтының тәрбиеге асқан жауапкершілікпен қарауына бір дәлел. Бұл бағдарламаның мақсаты, мектеп қабырғасындағы ұрпаққа аса терең тәрбие беріліп,өз елінің тілін, дінін, жерін қорғай білуге, өз дәстүрін, туған жерін қастерлей, бағалай білуге, өз елінің патриоты болып көреген, өскелең ұрпақ болып шығаруды көздейді.

Тәрбие мәселесін тек мектеп пен ұстаздар, болмаса тәрбиешілер қауымының мойнына арта салумен іс бітпейді. Оның нәтижелі болуы, ата-аналар мен қоғамдық ортаның тәрбие ісінен шет қалмай белсене араласуына, адам тәрбиелеудегі жауапкершілікті бірлесе көтеріп, жұмыла істеулеріне тікелей байланысты.

Маржан ҚАСЫМБЕК

Қазақ тілі пәнінің мұғалімі,

№3 Денисов орта мектебі

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!