Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

Ұмытыла бастаған салт-дәстүрлер

Дата: 27.10.2020 Рубрика: Білгіштер
913
0
Ұмытыла бастаған салт-дәстүрлер

Өткен нөмірімізде уәде еткеніміздей мен бұл жолы көмескі тарата бастаған салт-дәстүрлерінің ішінен тұрмыстық салттың бірнешеуіне тоқаламын.

Қазан шегелеу. Жақын туыс, әзіл-қалжыңы жарасқан адамдардың шаңырағына екі-үш адам бірге барып: «Осы үйдің қазанын шегелей келдік» дейді. Бұл – олардың түстеніп, ет жеуге келгені. Үй иесі оған әзілмен жауап қайтарып: «Жақсы болды, қазан шегелейтін адам таба алмай отыр едік», – деп қонақжайлық танытады. Әйелі ет асып, қонақасы береді.

Жылу жинау – тұрмыстық қажеттіліктен туындайтын дәстүр. Табиғат апатына ұшыраған, өрт, су тасқыны, жер сілкінісі, тағы басқа да бақытсыздыққа душар болған адамдарға көрсетілетін көмек «жылу жинау» деп аталады.

Кеусен – егіннен мол өнім алған уақытта туысқандарына, дос-жолдастарына, ауылдастарына өзінен артылғанын бөліп беру. Бұл да қазақтың мырзалығын көрсетеді.

Осындай жақсы іске итермелейтін салттарымыз қалып барады. Көршілер бірін-бірі танымайтын, сыйласпайтын дәрежеге жеттік. Осы ескі салт-дәстүрімізді жаңғырту үшін мемлекетте көптеген шаралар ұйымдастырылып жатыр. Мысалы, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры» мақалалары аясында қолға алынған бағдарламаларды айтуға болады. Осы мақалаларды оқыған әр адам әр тармағы бізге рухани байлық сыйлайтынын түсінеді. «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы қазақ халқының өзге халықтардан ерекшелігі мен артықшылығын айтарлықтай көрсеткен. Бұл еңбекті оқыған әрбір азамат мол мұраны, өшпес тарихты бойына қалыптастырады деп ойлаймын.

Гауһар Сапабек

Еңбек орта мектебі

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!