Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

Білімді шәкірт – ел тірегі

Дата: 27.10.2020 Рубрика: Білгіштер
683
0
Білімді шәкірт – ел тірегі

Мыңдаған шәкіртті дайындап, үлкен өмірге қанатын қатайтып ұшыратын ұстаздардың орын қоғамда тым бөлек. Қазіргідей аумалы-төкпелі заманда қай елдің ғылымы, білімі және мәдениеті жақсы дамыса, сол елдің барлық жағдайы жақсы, болашағы жарқын болары сөзсіз. Сондықтан да заман талабына сай, жоғары деңгейдегі мамандандырылған кәсіпқой мұғалімдер ел болашағы үшін өте қажет деп білемін. Елде болып жатырған қиын жағдай мұғалімдер үшін де оңайға түсіп жатқан жоқ. Қашықтықтан оқытып, оқушыларына онлайн білім беру кімге де болсын қиынға соғар. Сол себепті де күнделікті өмірде өзгеріп жатқан жаңа технологиялармен қарулану кезек күттірмейтін міндет. Біздің ұстаздар заман талабына сай технологиялардың барлығын жүз пайыз жетік біліп алды. Оқушыларымыздың болашағы бірінші орында болғандықтан, ұстаздар бәріне даяр!

Белгілі жазушы М.Әуезов: «Адам баласының түрлі іс-әрекеттерге баруы жаратылысынан емес, оның өскен ортасына, көрген үлгі өнегесіне байланысты» – деген екен. Міне осыған байланысты ұстаз ретінде айтарым, қазіргі тәрбиелеп жатқан шәкірттеріміз өзіндік көзқарасы қалыптасқан, мектептен түлеп ұшқанда өмірге оңай бейімделе алатын саналы ұрпақ болуын қалар едім. Бала не нәрсені болса да білуге құштар, қызыққыш, қолымен ұстап, көзбен көргенді жақсы көреді. Атап айтсам шығармашылық қабілет әр баланың табиғатында болуы әбден мүмкін. Ендеше әрбір ұстаздың міндеті оқушы бойында жасырын жатқан мүмкіндіктерді ашу, көрсету, оны өмірде қолдана білуге үйрету.

Бүгінгі таңда білім жүйесі түрлі қиындықтарға тап болып жатыр. Оған себеп әлемді жайлаған індет. Соған қарамастан ұстаздар қауымы сол қиындықтардан шығуға зор үлес қосуда. Уақыт деген тез көзді-ашып жұмғанша кәсіпқой мамандық иелері мұғалімдер мерекесі өтіп те кетті. Барша ұстаздар қауымын осы кәсіби мерекесімен құттықтай отырып, төзімділік, шыдамдылық тілеймін. Қиын да қызығы мол мамандықты игере отырып, сіздердің әр жыл сайын ұшырған шәкірттеріңіз өз еліне қызмет жасайтын білімді маман болсын деп тілек білдіремін.

 

Алтынай СҰЛТАНБЕКҚЫЗЫ, Ы.Алтынсарин атындағы орта

мектебінің бастауыш сынып мұғалімі

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!