Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

Мектебіміз белсене жұмыс істеуде

Дата: 06.10.2020 Рубрика: Білгіштер
399
0
Мектебіміз белсене жұмыс істеуде
Жаңа оқу жылының бірінші айыда істеуде мұғалімдер үшін қиынға соғуда. Дегенмен, мектеп ішіндегі қарбалас өмір басталып та кетті. Біздің, яғни Қостанай қаласы № 29 орта мектебінде 33 кезекшілік сынып бар. Осы кезекшілік топтарда 373 бала мектепке келіп білім алуда. Қашықтықтан оқыту бой ынша, әрине қиындықтар болады. Дәстүрлі - оқуға үйреніп қалған оқушыларымыз сәл мазасызданғанымен, ыңғайланып алды. Оқушылар ата-аналарымен мұғалімдердің қолдауы мен бірігіп жұмыс істеуінің арқасында бәрін оңай игеріп жатыр. Сонымен қатар, қыркүйек айының ортаңғы шебінде «Мен және менің әлемім» атты акция өткізілді. Яғни, кезекші топтағы оқушылар мен психологтар жеке-жеке жұмыс жасады. Әрине, санитарлық нор​малар сақталып, тек 10 минутық үзіліс уақытында өткізілген болатын. Сондай-ақ, отбасы күніне орай оқушылар арасында «фотоколлаж» жасаудан жарыс ұйымдастырылды. Ол мектеп қабырғасына көрме ретінде қойылды. Спорт күніне де дайындық жасалды. Оған арнайы кезекшілік топтарға кесте құрылып, жұмыстар істелуде. Онлайн оқып жатқан оқушыларымызды да іс-шаралардан тыс қалдырып жатқан жоқпыз. Оларға да онлайн қатысуға мүмкіндік беріліп жатыр. Бізге бәрін суретке түсіріп жіберіп отырды. Тағы да айта кететін жайт, қарттар күніне байқау ережесі дайындалды. Ал, 5-11 сыныптар «Қарты бар үй қазыналы» атты тақырыпта бейне роликтер дайындаулары қажет етілді. Міне, мектебімізде қыркүйек айында осындай ісшаралар жасалды. Алдағы уақытта да белсенді жұмыс істейтін боламыз.

Шолпан ОСПАНОВА №29 орта мектеп директордың  оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!