Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

Кітапханадағы тартысты сайыс

Дата: 30.06.2026 Рубрика: Білгіштер
5
0
 Кітапханадағы тартысты сайыс
 
 Мемлекеттік тілдегі кітапхана төрінде балалардың ой-өрісін дамытып, ата-бабамыздан қалған асыл мұраны ұлықтау мақсатында ерекше шара өтті.
Рудный қаласынждағы №4 лицей-­мектебінің жазғы лагерь оқушыларының қатысуымен ұйымдастырылған «Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ» атты сайыс өскелең ұрпақтың сөздік қорын байытып, тапқырлыққа баулуды көздеді. Қызықты да тартысты өткен білім додасы ең алдымен балалардың назарын аударып, бойларын сергіткен көңілді қимыл-­қозғалыс сәтімен басталып, қатысушылар екі топқа бөлініп, бақ сынасуға білек сыбана кірісті.
Бірнеше сыни әрі қызықты кезеңнен тұрған доданың алғашқы бөлімінде балалар кезек-­кезек жұмбақтар шешіп, өздерінің ұшқыр қиялдарын байқатты және әрбір дұрыс жауап үшін арнайы ынталандыру смайликтерін жинап, жарыс көрірігін қыздыра түсті. Бұдан кейін «Сөз мәйегі – мақал» кезеңінде сайыскерлер жүргізуші бастаған аталы сөздердің жалғасын дәл тауып, мағынасын аша мәнерлеп оқып берді. Сайыс одан әрі «Сиқырлы қоржын» шартымен жалғасып, бұл кезеңде балалар қоржын ішіндегі жасырын заттарды сыртқа шығармай, тек сипап сезу арқылы өз тобына жұмбақтап жеткізді, ал топ мүшелері ұйымшылдық танытып, сол заттың не екенін қатесіз тауып отырды.
Өздері жұмбақ жасырып қана қоймай, заманауи технологияның мүмкіндігін де тиімді пайдаланған оқушылар келесі кезекте теледидардан көрсетілген ребус суреттерден мақалдарды анықтап, олардың терең тәрбиелік мағынасын ашып, өзара талқылады. Ойынның соңғы әрі шешуші кезеңі топ капитандарына арналып, олар берілген аралас әріптердің ішінен жасырын сөздерді өте жылдам әрі сауатты құрастырып, өз командаларын алға сүйреді. Тартысты әрі қызықты сәттерге толы болған білім сайысы барлық қатысушылардың бірге қосыла билеген «Би би биле» атты көңілді де шаттықты биімен мәресіне жетті. Шара соңында белсенділік танытып, ұшқыр ойы мен тапқырлығымен көзге түскен барлық бүлдіршіндерге кітапхана ұжымы атынан тәтті сыйлықтар табыс етілді.
А. Шаймерденова

 

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!