Бірлік пен татулықтың алтын көпірі
Дата: 24.11.2026 Рубрика: Білгіштер
0
6
0

Тіл – ұлттың жаны, халықтың рухани байлығы, елді біріктіретін басты құндылықтардың бірі. Ал мемлекеттік тілді құрметтеу мен оның қолданыс аясын кеңейту – әрбір азаматтың ортақ міндеті. Қазақ тілі – түрлі этнос өкілдерін ортақ мақсатқа ұйыстырып, достық пен ынтымақтастықты нығайтатын маңызды құрал.
Осы бағыттағы игі бастамалардың бірі ретінде Қостанай облысында №31 жалпы білім беретін мектеп базасында дәстүрлі «Мемлекеттік тілге жеті қадам» атты жыл сайынғы форум өтті. Ауқымды іс-шараға өңірдегі түрлі этнос өкілдері қатысып, мемлекеттік тілді қолдау мен насихаттауға бағытталған маңызды ойларымен бөлісті.
Форумның негізгі мақсаты – қазақ тілінің қоғамдағы мәртебесін арттыру, өзге этнос өкілдерінің мемлекеттік тілді меңгеруге деген қызығушылығын ояту, сондай-ақ тіл арқылы ұлтаралық татулық пен қоғамдық келісімді нығайту. Іс-шара бағдарламасы мазмұнды дәріспен басталды. Қатысушылар «Жасанды интеллект дәуіріндегі мемлекеттік тіл: этносаралық бірлік пен технология тоғысы» тақырыбындағы дәріске қатысты. Дәрісті Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаты Светлана Рамазанова мен «Қоғамдық келісім» сарапшысы Гүлнұр Ембердиева жүргізді.
Кездесу барысында спикерлер қазақ тілінің заманауи ақпараттық технологиялар саласындағы мүмкіндіктері, оны цифрлық кеңістікте дамыту және жасанды интеллект дәуіріндегі маңызы туралы әңгімеледі. Сонымен қатар мемлекеттік тілдің түрлі этнос өкілдері арасындағы достықты нығайтудағы, өзара түсіністік пен қоғамдық бірлікті қалыптастырудағы рөліне ерекше тоқталды.
Дәріс қатысушыларға мемлекеттік тілдің тек қарым-қатынас құралы ғана емес, сонымен бірге ортақ құндылықтар мен азаматтық бірегейлікті қалыптастыратын маңызды тетік екенін тереңірек түсінуге мүмкіндік берді. Бұдан кейін форумның салтанатты ашылу рәсімі өтіп, көрермендерге жобаға қатысушылар мен финалистер таныстырылды. Әрқайсысының мемлекеттік тілді меңгеру жолындағы талпынысы мен жетістігі көпшілікке үлгі болды.
Марапаттау рәсімі алдында қонақтарға көтеріңкі көңіл күй сыйлаған музыкалық бағдарлама ұсынылды. Сахна төрінде өнер көрсеткен Александр Фролов пен форумның өткен жылғы жеңімпазы Кэтрин Майер әсем әндерін орындап, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді. Әсерлі музыкалық нөмірлер форумның мазмұнын аша түсіп, мерекелік атмосфера қалыптастырды.
Форумның ең маңызды әрі көпшілік асыға күткен сәті – марапаттау рәсімі болды. Жоба аясында жеті номинация бойынша қатысушылардың еңбегі бағаланды. Әр номинация форумның негізгі мақсаты мен финалистердің мемлекеттік тілді насихаттауға қосқан үлесін айқындады. Қатысушылардың ешқайсысы назардан тыс қалмай, барлығына лайықты марапаттар мен сертификаттар табысталды.
Форум – қазақ тілін тек ана тілі ретінде ғана емес, барша қазақстандықтарды біріктіретін ортақ мемлекеттік құндылық ретінде дәріптеудің жарқын үлгісі. Әртүрлі ұлт өкілдерінің қазақ тілін үйренуге, құрметтеуге және күнделікті өмірде қолдануға деген ұмтылысы еліміздегі татулық пен бірліктің берік екенін көрсетеді.
София ЛИТВИНЕНКО

Комментарии