Ән мен әдебиеттің інжу-маржаны
Дата: 30.06.2026 Рубрика: Білгіштер
0
6
0

Қазақтың көрнекті композиторы, жазушысы, өнер зерттеушісі, публицист және музыка танушысы Ілия Жақановтың туғанына 90 жыл толуына орай Үрпек ауылдық кітапханасында «Ән мен әдебиеттің інжу-маржаны» атты тақырыптық сөре ұйымдастырылып, оқырмандарға кеңінен таныстырылды.
Ілия Жақанов 1936 жылы 6 мамырда Жамбыл облысы, Сарысу ауданының Ақтоғай ауылында дүниеге келген. Ол 1959 жылы С. М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін тәмамдаған. Еңбек жолында «Қазақстан пионері» газетінде және Қазақ радиосында қызмет атқарып, музыкалық редакцияның бас редакторы болған. Оның шығармашылық жолы қазақ музыкасы мен әдебиетінің дамуына қосылған қомақты үлесімен ерекшеленеді.
Ілия Жақанов – қазақ ән өнерінің алтын қорына енген көптеген шығармалардың авторы. Оның «Жайлаукөл кештері», «Еділ мен Жайық» әндері халық арасында кеңінен танылып, бірнеше буынның сүйікті туындыларына айналды. Сонымен қатар қаламгердің «Екі жирен», «Бірінші концерт», «Махаббат вальсі», «Ықылас», «Аққулар қонған айдын көл» сынды кітаптары әдебиет сүйер қауымға жақсы таныс.
Өнер мен әдебиет саласындағы елеулі еңбегі үшін Ілия Жақанов Қазақстанның Еңбек Ері атағына ие болып, Қырғыз Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қайраткері атанған. Сондай-ақ ол «Парасат», «Отан» және Қырғыз Республикасының «Данакер» ордендерімен марапатталған.
Кітапханадағы көрмеде қаламгердің өмір жолы мен шығармашылығына арналған кітаптар мен басылымдар қойылды. Оқырмандарға әсіресе автордың «Інжу-Маржан» кітабы таныстырылып, оның мазмұны жайлы кеңінен мағлұмат берілді. Бұл еңбекте халық арасында кең таралған «Еділ мен Жайық», «Жайлаукөл кештері» секілді әндердің дүниеге келу тарихы, олардың тағдыры мен орындалу ерекшеліктері әсерлі баяндалады.
Сонымен қатар кітапхана қорындағы «Бұлбұл әуезі», «Еділ мен Жайық», «Інжу-Маржан», әндер жинағы топтастырылған «Ән қанатында» атты екі томдық, «Қазақ әндері» кітаптары да оқырмандар назарына ұсынылды. Көрмеге келушілер автор шығармалары арқылы қазақ музыкасының тарихымен, белгілі әндердің шығу төркінімен және ұлттық өнердің көркем әлемімен жақынырақ танысуға мүмкіндік алды.
Тақырыптық сөреге жасалған шолу барысында кітапханашы оқырмандарға Ілия Жақановтың қазақ ән өнерін зерттеудегі еңбегі, халық композиторларының мұрасын насихаттаудағы қызметі және ұлттық мәдениетті дамытудағы рөлі туралы әңгімеледі. Осындай танымдық шаралар арқылы оқырмандар қазақ өнерінің көрнекті өкілдерінің шығармашылық мұрасын танып, ұлттық мәдениетке деген қызығушылығын арттыра түседі.
Майраш Нұржанова

Комментарии