Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

Өнерде де, өмірде де тағдырлары тоғысқан

Дата: 22.09.2020 Рубрика: Білгіштер
633
0
Өнерде де, өмірде де  тағдырлары тоғысқан

Құрметті оқырман, сіздерге үлгі ретінде және сол кісілерге қарап тәлім-тәрбие, шабыт алсын деген ниетпен ашылған айдарымыздың бүгінгі қонақтары Е.Өмірзақов атындағы Қостанай облыстық филармониясының әншілері, «Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері» құрмет белгісінің иелері Қадыр және Майра Қаржауовтар. Ендеше, бастайық!

- Қадыр аға, Майра апай сәлеметсіздер ме! Өнерде де, өмірде де тағдырлары тоғысқан сіздердің өмірлеріңіз бәріне үлгі деп ойлаймын. Алғашқы сұрағым, қай мектептің түлегісіздер?

- Майра апай: Мен негізі Қостанай қаласынан боламын. Бірақ, Қаратал ауданының, Төленгіт ауылында 5-ші сыныпқа дейін оқыдым. Ал, 6-8 сыныпты Қостанай қаласы Ы.Алтынсарин атындағы, қазіргі Озат мектеп интернатында жалғастырдым. Жоғарғы сыныпты Жітіқара қаласында қазақ мектебін аяқтадым. Ал, Қадыр ағаң Атырау облысының тумасы. Туған жері Кулагина деген селода, қазіргі Есбол ауылында білім алған.

- Мектепте қандай оқушы болдыңыздар?

Қадыр аға: мектепте біз озат оқушылардың бірі болдық. Екеуміз де сабақты жақсы оқыдық. Майра апаң тек физика мен химиядан орташа болып, төрттік баға алып жүрген. Жалпы, үздік оқушылардың қатарында жүрдік, өнерден де шеттемедік.

Майра апай: өзіме келер босам, 6 сыныпта оқып жүргенімде жақсы оқығаным үшін, ән салып өнерде жүргенім үшін, мектеп-интернат мені Мәскеу қаласына жіберді. «Лениннің жүрген ізімен» бірнеше қалаға теплохотпен Лениннің болған жерлерінде, музейінде болдық. Көптеген қалаларға тоқтап, ерекше әсерде қайтқан болатынбыз. Барлық ұлттық оқушылары келді. Қазақстаннан тек мен ғана бардым. Бұл мен үшін үлкен жетістік болды. Жалпы, мен оқушы кезімде өте белсенді оқушы болдым. Спортқа да жақын болдым.

- Қай пәндерді сүйіп оқыдыңыздар?

Майра апай: Қазақ әдебиеті, орыс әдебиеті, қазақ тілі сынды пәндерді жақсы оқыдым. Тілге өте жақын болдым.

Қадыр аға: енді біз шығармашылыққа жақын болғандықтан, сол әдебиет пен қазақ тілі пәндерін сүйіп оқыдық. Мектеп кезінде қазақша, орысша жаттаған тақпақтардың бәрі әлі күнге дейін жадымда сақталып тұр.

- Ал бестік бағаны қай пәннен көп алатын едіңіздер?

Майра апай: (күліп) бес деген бағаны әрине біз бірінші ән-күй сабағынан алатынбыз. Әнге жақын болғасын солай болады. Қадыр ағаң, тарих пен қазақ әдебиетінен көп алған айтуы бойынша. Мазмұндама, диктант жазуға шебер едік екеумізде. Жалпы барлық сабақты да жақсы оқуға тырысқанбыз. Үштік бағаны алмайтынбыз. Тек төрт пен бес. Әрине, баға үшін оқыған емеспіз.

- «Әліппені» оқытып, алғаш әріп танытқан ұстаздарыңыз естеріңізде ме?

Майра апай: алғашқы ұстазымызды әрине ұмытпаймыз. Мен ауылда оқып жүргенімде Ғайша деген апай болатын, ол кезде әкесінің атымен атау жоқ. Тек апай деп айтатынбыз. Маған әліппені үйреткен сол кісі. Өте зерек ұстаз болатын.

Қадыр аға: маған әріп танытқан Мұстақима Серіққалиева деген ұстаз еді. Өте білімді кісі болатын. Жалпы, алғашқы ұстаздарды ұмыту мүмкін емес қой. Қазақта мақал бар ғой: «тарыдай болып кіріп, таудай болып шығасың» деген, мұғалімдеріміздің арқасында біз де білім алған мектебімізден осындай зерек болып шықтық.

Майра апай: ал жетістіктерге келер болсақ, пәндерден мектеп ішілік олимпиадаларға қатысып жүрдік. Дипломдарымыз көп екеуміздің де олимпиадалардан алған. Сонымен қатар, мен ән жағынан конкурстарға қатысып жүрдім. Қадыр ағаң да ән айтып жарыстарға

қатысып, жүлделі орындарға ие болып жүрген. «Болар бала боғынан» дегендей, ұстаздарымыз сыртымыздан қарап жүріп болашақта әртіс болады деп айтатын. Қадыр ағаңды ұстаздары: «бұл қазір Қаржауов Қадір ғой, ол ертең Қадыр Қаржауов болады» деп айтатын көрінеді.

- Мектеп оқушыларына айтар кеңестеріңіз болса?

Майра апа: уақыт деген өте тез, көзді ашып-жұмғанша өте шығады. Сондықтан, қазір мектеп қабырғасында жүргенде, ұстаздардың беріп жатқан біліміне барынша зейін салып, ынтамен оқып, білім дерін шыңдаса деймін. Сүйікті істерімен айналысып, уақыттарын босқа өткізбесін дер едім.

Қадыр аға: Абай атамыздың мынандай бір керемет өлеңі бар ғой: «жасымда ғылым бар деп ескермедім, пайдасын көре тұра тексермедім, ер жеткен соң түспеді уысыма, қолымды мезгілінен кеш сермедім» деген. Ол кісі де білімнің пайдасын білген соң өкінген екен. Ұлы ақынның өзі осылай айтып отырғанда оқушыларымыздың мектептен қашқаны дұрыс емес. Балалық шақ қайта оралмайды. Осы сәттеріңді бағалаңдар дегіміз келеді.

-Сұхабаттарыңызға көп рахмет.

Арайлым ҚАБИМОЛДАҚЫЗЫ

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!