Амангелді Оралбаев: Өмір бойы ойнап жүрмін
Шахмат ойынды жақсы көрсен, осы кісіні білетің шығарсың. Амангелді Әбішұлы Оралбаев Қостанай облысының шахмат ойынан бас жаттықтырушы. Қазіргі кезде мектептерде де шахмат пәнінің мұғалімі, және де өзінің жеке шахмат мектебі бар.
Тілші: Амангелді Әбішұлы, сәлеметсіз бе! Бала кезіңіздегі хоббииңіз жұмысқа айналды. Армандадыңыз ба?
-Иә. Шахмат ойын менің хоббиим да, сүйікті жұмысым да. Осы ойыңның арқасында мектепте де, университетте де қиналған емеспін. Бірнеше елдерді көрдім, қаншама жақсы, білімді адамдармен таныстым, достарды таптым. Сонау бір кезде Алматы қаласына ата-анаммен барғанда «Қазақстан» атты қонақ үйді бірінші рет көріп, таңғалдым. Ғимараттың биіктігі 102 метр, 26 қабат. Осы қонақ үйде уақытша болса да тұрсам екен деп армандадым. Енді бір неше жылдан кейін шахмат федерациясының съезіне барғанда, дәл сол қонақ үйде тоқтадым. Міне бала арманы білімнің, еңбектің, арқасында орындалды. Бұл бір ғана мысал.
- Шахмат ойынмен қалай, кім таныстырды?
- Бала кезімде аулада құрдастармен футбол ойнауды ұнататыңмын. Кешке дейін доп теуіп жүретінмін. Бір күні аулаға шықсам, үлкен ағайлар мен аталар үстелде бір ойын ойнап отырған. Қастарына барып, қарап тұрдым. Шахмат ойын екен. Содан бері футболды шахмат ойынға ауыстырып алдым . Ол кезде мен сегіз жаста едім. Мектепте дене шынықтыру пәнінің мұғалімі де шахмат ойнауды жақсы көрген. Мен сол мұғалімге үзілісте, сабақтан кейін барып, шахмат ойынды үйреніп алдым. Үлкендерді жеңіп шығатынмын. Ол кезде оқушылар сарайында шахматшы Борис Аронович Шлейфман деген кісі жұмыс істеп жүрген. Ол шахмат ойының қыр-сырын үйреткен мені.
-Алғашқы үлкен жетістігіңіз?
-10 сыныпта шахмат ойынан ерлер арасында Қостанай қаласының чемпионы, 1988 жылы ерлер арасында Қостанай облысының чемпионы атандым. Жетістіктерім жеткілікті. 2002 жылы Қостанай облысының ең үздік жаттықтырушылардың санына кірдім. Әрине куаныштымын.
-Оқушыларға қандай кеңес берер едіңіз:
- Шахмат ойынмен айналыссаңыздар, есте сақтау қабілет, логикалық ойлау, сабырлық, тағы басқа жақсы қабілеттер бойыңызға қонады. Мысалы мен өзімнің барлық оқушыларының есімдерін жатқа білемін. Көшеде кездессем, есімдерін айтып, амандасамын. Оқушылар да, ата-аналар да таңғалады. Бүл шахмат ойының әсері. Әр адам өз-өзің дамыту керек. Әр баланың, адамның таланты бар, адамның қолынан бәрі келеді. Би, сүрет салу, вокал, күрес, барлық іс –шаралар адамға пайдалы. Өзіңің ісін тауып, күн сайын жаттығып, үйреніп жүрсеңіздер нәтиже болады. Оған күмәніңіз болмасын. Бәрі мақсатқа байлаңысты!
- Сұхбаттасқаныңызға көп рахмет!
Әсем Айнабекқызы
Врезка: Шахматтағы ең үлкен өнер - қарсыласыңа оның не істей алатынын көрсетпеу. ( Гарри Каспаров)
Комментарии