Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

Глеб Николенко : Мен ұлы скрипкашы, дирижер және сазгер боламын

Дата: 22.09.2020 Рубрика: Білгіштер
621
0
Глеб Николенко :  Мен ұлы скрипкашы, дирижер және сазгер боламын

Глеб - бар болғаны Қостанайдағы 5 сынып оқушысы. Ол шығармашылығымен көзге түскен талантты бала. Өзінің туған қаласы Қостанайдың 140 жылдығына арнап скрипкада орындалатын шығарма жазды. Былтыр Мәскеудегі Чайковский атындағы консерватория қасындағы музыка мектебіне оқуға қабылданды. Глебтің анасы Ирина бізге телефонмен былай деді:

-Глеб Қостанайдағы М.Горький атындағы гимназияда оқыды. Оның тұңғыш мұғалімі Елена Тулупова скрипканы үйретті. Ал сольфеджио мен композициядан - Ботагөз Биғабылова дәріс берді. Осы ұстаздарының арқасында баламның бойындағы құдай дарытқан таланттың көзі ашылып, қиялы мен шабытына қуат берді. Глеб музыка теориясы, оның жанрлары мен түрлерін ноталарды сауатты жазуды игерді.-деді сөзін сабақтап- ол 5 жасынан скрипкада ойнады.Мен оның ән-әуенге деген айрықша құштарлығын байқадым. Өзім болсам облыстық филармонияда камералық оркестрде жұмыс істегенмін.

-Глебтің тұңғыш орындаған шығармасы қандай?

-Екінші сыныпта “Родная земля” мен “Мазурка” Қостанайдың 140 жылдығына арналған байқауда “Ең жас композитор” номинациясында жеңімпаз атанды. Оны жеке әншіліктен менің тұңғыш ұстазым болған Гүлбану Абдуллинаның жетекшілігіндегі «Liberta» ансамблі орындады.

.-Қандай үздік байқауларға қатысты?

-Победа на Республиканском конкурсе молодых исполнителей в 2019 жылы жас орындаушылардың Республикалық конкурсына қатысып, Гран – приді жеңіп алды. Гнесиндер атындағы Халықаралық байқаудың(Мәскеу) дипломанты атанды.

- Глеб, Мәскеу, оқу қалай екен?

- Осында оқу арманым еді. Қуаныштымын. Үлкен қалаға үйреніп қалдым.Барлық сабақтар бір үйдің ішінде өтеді, ыңғайлы. Қазір беске оқып жүрмін. Туған республикамның атына кір келтірмеуге тырысамын. Бұл мектептің 85 жыл тарихы бар, кезінде Александра Пахмутова, Владимир Спиваков секілді даңқты адамдар оқыған екен. Алғашқы шығармашылық сапарымызда Сочи қаласында концерт қойып қайттық. Естен кетпейтін әсері болды.

-Сенің арманың қандай?

-Менің арманым - ұлы скрипкашы, дирижер және сазгер болу.

Әсем Айнабекқызы

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!