Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

Ұмытыла бастаған салт-дәстүрлер

Дата: 15.09.2020 Рубрика: Білгіштер
693
0
Ұмытыла бастаған салт-дәстүрлер

Осы тақырыпты Қостанай ауданы, Еңбек ауылының негізгі мектебі 9 сынып оқушысы Гауhар Сапабек зерттеп жүр. Гауhар 14 жаста. Мектептің Ұланбасшысы. Көптеген ақындардың, яғни Мағжан Жұмабаев, Абай Құнанбаевтың өлендерің жатқа оқиды екен. Жыл сайын түрлы сайыстарға катысып отырады. 1 орын иегері де атанды. Республикалық байқауға жолдама алды. Ұмытыла бастаған қазақ салт-дәстүрлер тақырыбына ғылыми жоба жасап, зерттеу жұмыс жазды.

-Мәліметтердің көбін ата-әжелерден алдым,- дейді Гауhар - Салтыңды сақтау – ұлттық болмысыңды жоғалтпау. Салт-дәстүрлер ата-бабаларымыздың баяғы замандағы іс-әрекетінен, тұрмыс-тіршілігінен, тәлім-тәрбиесінен хабар береді. Өкінішке қарай, қазір соның көбі ұмытылып барады.

Тұрмыстық салт-дәстүрлердің бірі –Тоқымқағар. Ауыл-үйдің қарттары жол жүрерде немесе жас жеткіншек тұңғыш рет атқа мінерде, жол жүрерде «тоқымқағар» деп аталатын тамақ пісіріліп, дастарқан жайылады. Бір жағы сапарға шыққан адамның жолы болсын деген тілектестік, екіншіден, жас баланың азамат болғанына қуаныш білдіру белгісі. Осыдан кейін қазақ бұл балаға арнайы айыл-тұрман, ер-тоқым, жүген-ноқта, шідер мен кісен, арқан дайындаған. Былайша айтқанда, бәсірені жабдықтау шарты.

Аунату. Қазақтар үйіне қонаққа келген қадірлі адамдардың отырған, жатқан жеріне «баламыз осы атасына тартсын, бойына осы кісінің қасиеттері қонсын» деп балаларын аунатып алатын болған. Елге, ағайынға сыйлы азамат кіндік қаны тамған туған жеріне келгенінде халық, туған-туыстары, дос-жарандары оны сол жердің топырағына аунатып алған. Қырғыз жазушысы Шыңғыс Айтматов үйіне әйгілі қаламгер Мұхтар Әуезов келгенде, ол отырған орындыққа ұлын аунатып алған деседі.

-Өзім дәстүрлерді бұлжытпай орындауға тырысамын. Оны дәріптеп, айналамдағы адамдарға ой салып, замандастарымның есіне түсіріп жүремін,-, дейді Гауhар Сапабек. Осы мақсатпен, ол инстаграмм желісінен парақша да ашты. Ал «Жасыл алма» оқырмандар үшін келесі нөмірде басқа да ұмыт болған қазақ салт-дәстүрлер туралы мақала дайындап қояды.

Әсем Айнабекқызы

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!