Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

Ізденіс көп болсын

Дата: 15.09.2020 Рубрика: Білгіштер
583
0
Ізденіс көп болсын

Бүгінгі таңда мектебімізде 367 оқушы білім алуда. Міндетті түрде кезекші сыныптар да ұйымдастырылды. Бастауыш сыныптар бойынша 10 сынып білім алады. Олардың 9-ы кезекші сынып, ал қалған сыныптар қашықтықтан оқиды. Әрине кезекші сыныптар мектепке келіп оқиды. Оқушылардың бір-бірімен кездесіп қалмаулары үшін сабақ уақыттарын әртүрлі жасады. Мысалы, 3-4 сынып сағат 08:00 де, 2 сынып 08:15, ал 1 сыныпта 08:30 да басталады. Яғни 15 минут үзіліспен келіп білім алатын болады. Санитарлық эпидемиялық талаптарды қатаң сақтайтын боламыз. Қазірдің өзінде оқушылар мектепке кіріп келе жатқснда өз беттерімен антисептикті қолданып, маскаларын киіп алады.

Жалпы, бастауыш сыныптар бойынша қазіргі уақытта 1 сыныпта 42 оқушы мемлекеттік қызмет жүйесі негізінде қабылданды. Ал толықтай айтатын болсақ, биыл бастауыш сыныпта 151 оқушы бар. Жоғарғы сыныптар бойынша 11 сынып ҰБТ дайындалатын болады. Бүгінгі таңда мектебімізде 27 оқушы 11 сыныпта білім алып жатыр. Интернет желісіне келер болсақ, мектеп оқушыларының 340-қа жуығы ғаламторға толық қосылған. Кейбір оқушылар тек мобильді қосымша бойынша тапсырмаларын орындайтын болады. Интернет қол жетімсіз отбасыларға мектептің қолдауымен Wi-Fi роутер жалға алынып, планшеттер сыйға табысталды. Сонымен қатар, мектептен уақытша пайдалануға 15 оқушыға компьютер берілді. Бұларды қоспағанда, білім ордамызда 48 компьютер жұмыс істеп тұр. Ұстаздарымыз оқушылармен байланысу үшін интернет, компьютермен 100 пайыз қамтамасыз етілді. Қашықтықтан оқыту бойынша «Білім лэнд» платформасы мен «күнделік кз» оқу процесінде пайдалануда.

Оқушыларымыз бен ұстаздарымыз оқу жүйесін ертін жүргізуі үшін бар күшімізді салып жатырмыз. Ыңғайлылық пен қолжетімділік бірінші орында! Мектеп мұғалімдері қашықтықтан оқыту бойынша жаз бойы білім алып, курстарға қатысып өздерін шыңдады. Бұның бәрі, әрине ең алдымен оқушыларға сапалы білім беру үшін қажет. Жаңа оқу жылын еш қиындықсыз, жақсы нәтижемен бастап, жоғарғы деңгейде аяқтаймыз деген сенімдеміз. Барша ұстаздар мен оқушыларға тек сәттілік тілейміз! «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, бұл қиындықты да бірге ел болып жеңетін боламыз! Талаптарың талмай, білімге құштар болыңдар! Ізденіс, ізденіс, тағы да ізденіс!

 

Құралай ЖҮСІПОВА

Ы,Алтынсарин атындағы орта мектебі,

директордың орынбасары,

Аманкелді ауданы

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!