Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

Басты назарда - кезекші сыныптар

Дата: 08.09.2020 Рубрика: Білгіштер
532
0
Басты назарда - кезекші сыныптар
Біздің Қостанай қаласындағы №10 қазақ орта мектебі жаңа оқу жылына дайын. Оқу жылы қашықтықтан оқыту форматында жұмыс істейді. Мұғалімдер мен оқушылар сабақты «BilimLand.kz» платформасы арқылы өткізеді. Қашықтықтан мектепішілік ата-аналар жиналысы алдын-ала өткізілді. Ұстаздарымыз да шәкірттермен жалпы сынып сағаттарын жүргізді. Барлық техникалық құралдарды пайдалану нормалары бойынша ата-аналар мен оқушыларға түсіндіру жұмыстары жасалды.
Басты айта кететін нәрсе, ата-аналардың өтініші жазуы бойынша бастауыш сыныптар арасында үш кезекші сынып мектепке келіп білім алады. Олардың барлығы санитарлық эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтайтын болады. Мектептің кіре берісінде антисептик қойылған. Сыныпта оқушылар ара қашықтықты сақтайды. Ол үшін парталар арнайы қойылды. Әрбір сыныптың сабақ кестесі өзгеше дайындалды. Кезекші сыныптар үзіліс кезінде мектеп дәлізінде өзара кездесіп қалмас үшін сабақ кестелерін әртүрлі уақытқа келтіріп жасадық. Ата-аналар баласын мектепке дейін шығарып салуы қажет. Бірақ, ол кісілерге мектеп ішіне кіруге рұқсат етілмейді. Балалардың сырт киімдерін шешіп қоюуы үшін де ережелер көрсетіліп қойылды. Онымен қоса оқушыларға маскалары мен перчаткаларын ауыстырып отыруы үшін де бар жағдай жасалынды. Барлығы санитарлық нормада жазылған ережеге сай дайындалды. Оның барлығына кезекші сыныптарда жұмыс істейтін мұғалімдер жауап береді. Әрине, жетекшілерден келісімдері бойынша қолхат алынады.
Сонымен қатар, оқушылардың барлығы дерлік оқу кітаптарымен қамтамасыз етілді. Өздері мектепке келіп те алып кетіп жатты. Тағы бір айта кететін жайт, біздің мектептің барлық ұстаздары «қашықтықтан оқытуды үйренемін» атты педагогикалық шеберлік орталығы ұйымдастырған курстан өтті. Онымен қоса  мұғалімдермен әдістемелік көмек ретінде вебинарлар өткізілді. Бір сөзбен айтқанда, жаңа оқу жылын мұғалімдеріміз де, оқушыларымыз да жақсы  дайындықпен бастады.

Айгүл КӘРІМҚЫЗЫ,
№10 орта мектеп
директорының  орынбасары

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!