Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

Қашықтық

Дата: 01.09.2020 Рубрика: Білгіштер
511
0
Қашықтық

Уақыт шіркін тез өте шығады екен. Міне, балалардың үш ай жазғы демалысы да аяқталып, жаңа оқу жылына аяқ басқалы отырмыз. Биылғы оқу жылының жылдағыдан өзгешелігі қашықтықтан білім беру болып отыр. Өткен оқу жылында соңғы тоқсанның екі жарым айын осы жүйемен оқығасын болу керек, оқушылардың да, ата-аналардың да бұл жаңалыққа еті үйренгендей. Бізде көппен бірге көргелі отырмыз.

Жалпы мектеп жасындағы үш баланың анасы ретінде, мен бұл жүйенің өзіне тән артықшылығы мен кемшілігі бар деп айтар едім. Таяқтың екі ұшы бар дегендей, артықшылығы – оқушы өздігімен жұмыс жасауға үйренеді. Заманауи техникаға тез бейімделеді. Оның үстіне тапсырмаларды еркін орындайды. Бұл жағынан тиімді деп ойлаймын. Тапсырманы орындауға да уақыты жеткілікті болады. Ең жақсысы, ғаламтордың түрлі әдісімен жұмыс жасау дағдысы қалыптасады. Ал, кемшілігі – екі тараптанда көп тапсырмалар игерілмей қалады. Көп уақыт компьютерде шұқшиып отыру баланың денсаулығына кері әсерін тигізетінін ұмытпағанымыз жөн. Дегенмен, ата-анаға ыңғайлы болған сыңайлы.

Өткен оқу жылында Пандемия салдарынан төтеннен келген бұл өзгеріске оқытушыларда, бізде абдырап қалғанымыз рас. Бір жүйеге түскенше көптеген қателіктер де, білместіктер болды. Мен ата-ана ретінде қыздарыма көмектесе алмадым. Себебі, заманауи техниканы олар сияқты меңгермегенмін. Бір жағынан өзімде жаттығып жатырмын. Алдағы уақытта осындай дүниелер қайталанбас үшін біздің ұстаздарымыз жаз айында қашықтықтан білім беру форматын жетілдіруді оқып, кәсіби білімдерін шыңдады. Олардың қатарына менде қосылдым. Енді жаңа оқу жылында бәрі жақсы болады деген ойдамын. Балаларыммен оқу жылын жеңіл әрі ойдағыдай аяқтап шығамыз деген үміттеміз. Білім күнінде балаларыма және барлық оқушылармен ұстаздарға сәттілік тілеймін!

Айымгүл Кұлтаева,

Қостанай қаласы

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!