Тіл үйрену үшін ниет керек
Дата: 27.08.2024 Рубрика: Білгіштер
1
320
0
Біздің елімізде Тілдерді оқыту орталықтары бар. Оларда тіл мамандар еңбек етеді. Олар тіл үйренемін деген азаматтарға сабақ беріп, үйретеді. Осындай орталық басшысының бірі – Жадыра Сәрсенбайқызы. Ол Науырзым аудандық Тілдерді оқыту орталығының басшысы. Бүгін біз ол кісіден сұхбат алған едік.
– Жадыра Сәрсенбайқызы, сіздің орталығыңыздың жұмысы қандай?
– Орталық туралы айтар көп. Тілдерді оқыту орталығында ересек азааматтарға арналған тек мемлекеттік тілді ғана емес, ағылшын тілін үйрету курсы да бар. Тілдерді оқыту орталығы 2012 жылы қазан айында облыс әкімінің тапсырмасы негізінде құрылған. Орталықты құрудағы басты мақсат – ауданымызда мемлекеттік тіл саясатын жүргізуді қамтамасыз ету. Мемлекеттік қызметшілерді, сонымен қатар басқа да ауыл тұрғындарын мемлекеттік тілге үйрету. Мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту мақсатында тілге қатысты түрлі іс-шаралар ұйымдастыру. Аудандағы көрнекі ақпараттардың мемлекеттік тілде заңға сай рәсімделуін қадағалау. Орталықта барлығы 6 адам жұмыс жасайды. Олардың әр қайсысының өз міндеттері бар.
– Орталықта қандай іс-шаралар өтеді?
– Мемлекеттік тіл бойынша мекеме қызметкерлері мен аудан тұрғындарынан құралған 7 топ (105 тыңдаушы) тіркелген. 2023 жылы 20 тыңдаушыға курсты аяқтағанын растайтын серитификат табысталды. Ал, ағылшын тілі бойынша жыл басында жиналған 71 тыңдаушының 7 -і аталмыш сертификаттарын алды. Жалпы біз, облыстық «Тілдарын» тілдерді оқыту орталығы дайындаған бағдарлама бойынша жұмыс жасаймыз. Ол бағдарлама 4 жылға негізделген. Сонымен қатар, орталықта Сөйле Тайм клубы 2023 жылдың 1 желтоқсанында ашылды. Клубта 8 адам тіркелген. Олар орыс, татар, башқұрт өкілдері. 2024 жылы клуб мүшелерімен 2 тоқсанда 3 іс шара өткізілді.
–Біздің арамызда мемлекеттік тілді тез меңгергісі келетін балалар аз емес. Оларға қандай ақыл айтар едіңіз?
–Көп өте жақсы. Ал қазақ тілін үйреніп алудың еш қиындығы жоқ. Ол үшін мектептегі сабақта мұқияты болу керек. Күніне 5-6 сөзден жаттап, оны күнделікті қарым-қатынас барысында қолданған жөн. Достармен, отбасында қазақша сөйлесуге тырысқан дұрыс. Мақал-мәтелдерді, жұмбақ, жаңылтпаштарды жаттап алса да көмегі көп. Қазақ тіліндегі кітаптарды көп оқыса адамның тілі тез қалыптасады. Ең бастысы ниеті болса болғаны. Қазіргі кезде тіл үйрену үшін барлық жағдай бар.
–Әңгімеңізге рахмет.
Сұхбаттасқан Айсана Бақыт
Комментарии