Найзағай–электрлік ұшқынды заряд
Дата: 25.08.2020 Рубрика: Білгіштер
0
976
0
Газетіміздің биылғы 4 тамыздағы №31 санында жарияланған физика пәнінің мұғалімі Жандос Ермеков «Найзағай неден пайда болады?» деп сауал тастаған болатын. Соған орай мен оған жауап бергім келеді. Өзмі оқып, ізденіп,тәжірибелерді көргенімде,мен оны былай түсіндірер едім. Найзағай – бұлт пен жер арасында ыстық және суық ауаның соқтығысуынан болатын алып электрлік ұшқынды разряд. Найзағай пайда болу үшін бұлттың шағын көлемінде ұшқындық разрядтың басталуына жетілікті (кернеулігі ~ 1 Мв/м) электр заряды түзіліп, ал оның қалған едәуір бөлігінде басталған разрядты әрі қарай демейтіндей, орташа кернеулігі 0,1-0,2 Мв/м электр өрісі болуы керек. Жер бетінен шыққан бу биікке көтерілгенде қатты салқындап, су тамшыларына айналады – су тамшылары қосылып ірлене түседі, ал ауа ағысы оларды біресе жоғары, біресе төмен жөңкілте қуалайды. Олар бір-біріне ұрылып, соқтығысады, үйкеледі, сөйтіп электр тоғымен зарядталады. Бұлттың жоғарғы бөлігінде оң, ал төменгісінде-теріс электр заряды пайда болып, олардың арасынан ұшқын шығады. Найзағай жарқылдайды. Найзағай электр тогының таралуы тәрiздi физикалық заңдарға бағынады. Алайда найзағайдың басқа да тылсым қасиеттерi көп екен. Мәселен, найзағай өзi түскен адамның сырт киiмiне тимей, iш киiмiн ғана өртеп жiберуi мүмкiн. Оның адамның бiр тал шашын қалдырмай күйдiрiп тастаған кезi де бар. Ендi бiрде найзағай адам қолындағы металл заттардың быт-шытын шығарғанымен, оны ұстаған адамға еш әсер етпеуi ықтимал. Тағы бiр қызық құбылыс, найзағай әмияндағы қағаз ақшаны өртемей, оның жанында жатқан тиындарды бiрiктiрiп, күмiс тиынды алтынға, алтынды күмiске ай налдыра алады.
Асқар БАЙМЫРЗАЕВ, 11 сынып оқушысы, Қостанай қаласы
Асқар БАЙМЫРЗАЕВ, 11 сынып оқушысы, Қостанай қаласы
Комментарии