Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

Ас даярлау

Дата: 25.08.2020 Рубрика: Білгіштер
631
0
Ас даярлау
 Әжем қой сойған күні кәрі жілік «ием аман болсын» деп тілеу тілейді деп, бір қолын тұтас асып, «желдерің күшейіп кетпесін» деп бізді жас сорпамен сорпалайтын. Бір санын тұздамай бөлек қойып, манты пісіріп беретін. Қаншама кастрюль болған, соның біреуінде тоң май (малдың майы), біреуінде сары май, біреуінде маңыз (кілегей), біреуінде жент, дорбада талқан, құрт, бақанда қазы, қарта, ұн сақталатын жәшікте сүр ет. Екі сиыр, оншақты қой, қаз, тауық – біздің үйдің берекесі еді. Жылқыларымызды малшы туыстарымызға қосып қоятынбыз. Қыстың күні қар қалың жауғанда қаздар семіретін. Қаздың етінен әжем пісірген мантының дәмі біздің аузымыздан әлі кеткен жоқ. Балалық шағы өзеннің жағасында өтіп, балық жеп өскен әжеміз балыққа қатысты әңгіме, ертегі, мақалмәтелдерді жиі айтқанды жаны сүйетін. «Балықшының қызы алыстағы қойлы ауылға келін болып түсіпті. Өз ауылының суын, дәмін аңсаған келіншек «Бал татыған балық етін жемеген басым қолаңса сасыған қой етін қалай жеймін-ай» деп оңашада жылайды екен. Мұсылман баласы жылына бір рет болса да балық етін бүйірі шығып, тойып жегені дұрыс, өйткені, балық – алла тағаланың жаратқан жәндіктерінің ішіндегі ең тазасы. Суда туып, суда өледі. Балықшының бақыты суда. «Жерден мықты нәрсе жоқ, бәрін шыдап, көтерген. Судан таза нәрсе жоқ, бәрін жуып, кетірген. Су таза, от таза.

Жәния ЕРАЛИЕВА

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!