Қайсар ӘЛІМ Журналист-жазушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері: «Шын арман – жалған болмайды екен!»
Дата: 18.08.2020 Рубрика: Білгіштер
0
938
0
– Есіңізге түсіріңізші, қандай бала болдыңыз?
– Өте тұйық болдым. Оңаша ойнауды ұнаттым. Асық иірудің шебері едім. Ұтылып қалс ам, қатты мойып, ешкіммен аралспай қоятынмын. Әлімжеттік жасайтын балаларды жек көретінмін. Тіпті олардың бұл қылықтарын беттеріне басып, сәті келгенде күшпен «тәртіпке» шақырып, мопмомақан күйге түсіретінмін. Әділдік, шыншылдық, адалдық, бірбеткейлік бала кезімнен-ақ сұстылау жүзімнен сезіліп, байқалып тұрса керек. Мұныма қ азір өкінбеймін. Сол қалыптасқан түзу жолды өмір бойы ұстанып келемін...
– Алғашқы мұғаліміңіз кім еді?
– Туған ағам Едірес. ҚазМУ-ге түсе алмай, бір жыл бізге сабақ берген. Келесі жылы түсті ғой. Өте қатал, талапшыл. Соның пайдасы оқушыларға пайда боп тиді.
– Алғаш алған бағаңыз, қай сабақтан және қанша?
– «Әліппеден» «4» деген баға. Едірес көкем қойды. Үйге жылап барып, анама шағымданғаным есімде. «Бес» алмағаныма намыстанғаным ғой. Енді жақсы баға алармын деп, үміттеніп ж үргенімде, келесі күні «3» деген бағаға түсіп кетіппін. Содан қайтіп, анама мектептегі жайттарды жеткізіп бармайтын болдым...
– Қай пәнді қызыға оқып, жақсы көруші едіңіз?
–«Қазақ тілі», «Қазақ әдебиеті» пәндерін сүйіп оқыдым. Олар ерекше бі р сиқыры бардай еліктіре тартатын. Бір қызығы, Едірес көкем ҚазМУ-дің филолог ия фак ультетін бітіріп келгесін, 8-11 сынытарда осы пәндерден сабақ беріп еді. Өмір, қалай қызық, ә? «Әліппені» үйретіп, мектепті аяқтатты ғой. Әлі есімде, көкемнің сабақ берген сәттері... Кезінде ұлы жазушы Мұхтар Әуезовтен дәрістың дап, жоғары курс тағылымдамасында Қаскелең орта мектебіндегі оныншы сынып оқушысы Нұрсұлтан Назарбаевқа сабақ беріп, жетекшілік жасаған көкемді үнемі мақтан тұтамын. Қандай ғажап мұғалімдік өмір жолы десеңізші... Сыныпта «Абай жолының» кейбір тұс тарын жатқа оқып, әр оқушыны әдебиет саяхатына жетелеген шабытты сәттерін жиі еске аламын. Көкем, менің!.. Мұғалімім, ұстазым, жан ағатайым!...
– Бала кездегі армандарыңыз орындалды ма?
– Дастарқан басында томырайып, нан мен майды соғып, бірер түйір қосымша қанат дәметіп, сүтсіз ақ шайды сораптап отырғанымда, маңымдағылар «бұл түбі прокурор болады» дейтін. Соған малданып, прокурор болғым кеп жүрген. Арманым сегізінші сыныпта күрт өзгерді. Аудандық газетке алғашқы кішкене хабарым шыққаннан бастап, журналист болуды жан-тәніммен армандадым. Сол арманыма түбі, жеттім-ау! Шүкір! Шын арман – жалған болмайды екен!..
Дастан ДӘУРЕНҰЛЫ

Комментарии