Нан илеу
Дата: 11.08.2020 Рубрика: Білгіштер
0
1032
0
Менің марқұм әжем дүниедегі ең мейрімді, ең көп білетін, өнегелі жан еді. Маған жас кезімнен көп әңгіме айтып құлағыма сіңірді. Мен кейде : «Әже, бір айтқан әңгімені бірнеше күннен кейін қайталап айта бересің ғой» десем, «Сен ұғып алсын деп айтамын» дейтін. Ауылда бір татар әйел тамақты өте дәмді жасайды екен. Ал менің әжем одан да дәмді жасайтын. Тезек қалап, от жағып, қойдың көңінің шоғын кос көмбенің асты-үстіне салып, он екі-он үш нанды бір күнде пісіретін. Қалған қамырдан бізге күлше пісіріп беретін. Сол нандар бір апта бойы жаңа ғана пісірілгендей болып тұра беретін. Қазір екі нан екі күнде желінбей қалса, бүлінеді, неге екенін? Неге екенін есіме түсірдім. Марқұм әжем нанды қазіргідей дрожжи қоспай, қол ашытқы қосып илейтін. Ашыған наннан бір үзім алып қалып, келесі нан ашытқанға дейін жабық ыдыста сақтайтын. Ашытқы болмай қалған күнде ана үймына үйден сұрап келеміз, нанның ашытқысы әр үйден табылатын. Нанды илегенде, жайғанда арнайы сыпыра пайдаланатын. «Сыпыра тұрған үйде береке болады» деп, нан жаятын оқтауды бойына өлшеп тігілген қапқа кигізіп, биігірек жерге іліп қоятын. «Өйткені, нанды оқтау ғана басады. Оқтаудан өзге нәрсе нанды бас пай ды» дейтін. «Қайнай берсе қара судан да май шығады. Қазан бір қайнаған соң отын азайтып, ұзағырақ уақыт қайнат у керек. Нанды илегенде иін қандырып, қолыңақ амыр жабыспайтын болғанға дейін иле. Қандай тағам әзірлесеңде көңіліңді салып, шын ниетпен әзірле, өйткені, бір үйлі жан, қыдырып келген көрші, қонақ сенің қолыңнан дәм татады. Оңқай болсаң да, солақай болсаң да кісіге ыдысты оң қолыңмен ұсын. Көрпе төсегенде тұйығын бас жағына, ашығын төмен жағына қаратып, төсе. Жолың ашық болады. Босағаға сүйенбе, табалдырықта тұрма. Есікті керме. Көк шөпті жұлма. Айға қарап дәрет сындыруға бол майды. Сыпырғышты бұрышқа - қақшитып тұрғызба, жатқызып қой. Дұшпаның қақшиып босағаңда тұрып алмасын.» деп айтып оты ратын еді марқұм әжем. - Төртінші класта оқып жүргенімде маған нан илеудің қыр-сырын үйретті. Сол күннен бастап, нан илеу – менің ең жақсы көретін ісіме айналды. Егер сендерге қызық болса, әжемнің небір тәжірибесін сендерге айтамын.
Жәния ЕРАЛИЕВА
Жәния ЕРАЛИЕВА
Комментарии