Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

Асық ойыны

Дата: 11.08.2020 Рубрика: Білгіштер
546
0
Асық ойыны
Арқалықта қазақтың ұлттық «Асық ойы - ны» жобасы іске асты. Белгілеген ереже бойынша асық ойынына 8 және 14 жас аралығындағы балалар қатысады. Қызықты да тартысты өткен алғашқы аула аралық жарыс қорытындысында Айбек Бегалов пен Жәнібек Әділбек жүлделі екінші – үшінші орындарды иеленіп, ал бірінші орын алған Ілияс Ержанов ақтық мәреге жолдама алды. Жеңімпаздар арнайы мақтау қағазы және бағалы сыйлықтармен марапатталды. – Мұндай жарыстар алдағы уақытта қаламыздың әрбір аула алаңдарында өтеді. Асық ойыны – бұл біздің ұлттық қазынамыз. Құндылықты жақсы дәріптеп, жас ұрпақтың қызығушылығын ояту – біздің басты мақсатымыз, – дейді жарысты өткізуші облыстық «ҮЕҰ – 2020» әлеуметтік идеялар мен жобалар жеңімпазы, «Арқалық Жастар футбол клубы» ҚБ төрағасы Иманбек Айтқазин. Келешекте қаламызда балаларды ұлттық салт-дәстүрлерге баулу мақсатында кешенді іс-жоспарлар іске асырылады. Сондықтан да, балалар, үйде отырып,ішім пысты демей, осындай сергек ойындарға белене ат салысайық!

Мұрат ЖҮНІСҰЛЫ, Арқалық қаласы

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!