Димаштың әні
Дата: 17.08.2020 Рубрика: Білгіштер
0
529
0
Димаштың әні, дауысы, ән салу мәнері ешқандай әлемдік нотаға, музыкалық ережелерге, стандарттарға сәйкес келмейді де бағынбайды. Әлемдік ән өнерінің қалыптасып қалған догмалық ережелерін бұзды. Айтқан әнінің ішінде поп, рок, реп, опера, ария, мюзикл элементтері болғандықтан кез-келген әнді орындаса әлемдік ықыласқа (хитқа) бөленіп, ол әнді ешкім қайталап орындай алмай отыр. Димаштың ән салу мәнері әлем халықтарының таным-түсінігінде жоғары бағаға ие. Бүкіл әлем елдерінің озық ойлы өнер сүйер ұрпақтары осы Димаш арқылы қазақты танып, тілін үйреніп, әнін жаттап, алты құрлық жастары оның әндеріне тербеліп, балқып, ләззат алып, рақат тауып, жүректеріне қуаныш сыйлап, 62 тамырын иітіп, құлай сүюде. Тұңғыш ғаламдық деңгейде музыка теориясын жаздырып Алла тағала бізге Әл-Фарабиді («Музыканың ұлы кітабы») бермесе әлемнің ең үздік бірінші «да уысы» қазақтың қара баласынан шықпаған болар еді. Әлемдік дәрежеде Димаш қазақ мәдениетіне, салт-дәстүріне сүйеніп, негізге алып, әлемге рухани адами, өркениет мәдениетін үгіттеп, насихаттап, ұсына алды. Халық осы мәдениетті қабылдауға даяр тұр. Қазіргі таңда әлем халқы адами, рухани тәрбиеге шөлдеп отыр. Олардың шөлі қану үшін әбден жауыр болған күйдім-сүйдім ән керек емес. Мысалы; «Ата – анаңды сыйла» сияқты әнді мың құбылтып Димаш айтса, бірінші ислам әлемі бақыттан бастары айналып кетер еді. Оның айтқан әндері қазіргі таңда әлем халықтарының басын қосып бір арнаға, бір жүйеге тоғыстырып жатқанда Димаштың жаңа әлемдік нотаны қайта жазатын кезі келді. Димаштың дауысында ән әуенінде әлем халықтарының үні, ән ырғағы бар. Әлем халықтары үшін ән өнерінде Димаш арқылы жаңа ғасыры басталды. Қазақтың жауһар «Дадидау», «Самалтау « әндері әлемді тербетуде... Әл-Фараби ғұлама м а т е м а т и к а л ы қ тəсілдерді пайда лану арқылы музыкалық дыбыстарды тұңғыш рет қағаз бетіне түсіріп, н о т а н ы а л ғ а ш дүниеге келтірді. Ол тек музыка теориясын ғана емес музыкалық аспаптарды да қолдан жасап, сол аспаптард а кер емет ойнай да білген. Қазақ домбырасын дүниеге келтірген ұлы бабамыз Əбу Насыр ӘлФараби. Оған бірнеше ғылыми дəлелдер, Фараби жасаған музыкалық аспаптар түрі куə. Оның шебер орындаушылығы жөнінде шығыс халықтары арасында күні бүгінге дейін айтылып жүрген көптеген аңыздар да бар. Димаш қазақ әнін бұғаудан босатты енді. Енді Әл-Фарабидің бастап жазып кеткен нотасын аяқтап, әлем халқына әлемдік нота жазып бір сый жасағаны абзал...
Тоғайбай НҰРМҰРАТҰЛЫ
Тоғайбай НҰРМҰРАТҰЛЫ
Комментарии