Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

Мұхтар ӘУЕЗОВ: «Абайдың өлеңін жақсы көрдім»

Дата: 04.08.2020 Рубрика: Білгіштер
604
0
Мұхтар ӘУЕЗОВ:  «Абайдың өлеңін жақсы көрдім»
Оқуды бесалты жасқа келген соң өзімнің үлкен әкемнен оқи бастадым. Сол кісінің алдынан хат танып, түркі оқитын болған соң 9-10 жасымда әкеммен бір туысқан ағам Қасымбек қасына алып, басында бір жыл Семейдегі Камали де - ген қазіреттің медіресесінде мұсылманша оқытты да, артынан орысшаға берді. Қалаға барып оқи бастағанға шейін ауылда өткен балалық уақытында әкелерімнің үнемі оқытатыны Абай өлеңдері болатын. Ол кезде Абай жазба. Бірақ елдің басты адамдары балаларына оқыту үшін Абай кітабын, белгілі кітап көшіргіш молдаларға ақша беріп әдейі жазғызып алатын. Мен бері келіп ес білген заманға шейін сондай көшірушілікпен күн кешкен кісі Мүрсейіт деген молда еді. Ол соны кәсіп қылып алған. Абайдың қара сөзі мен өлеңін түгел көшіріп бергеніне бес теңге ақы алушы еді. Бір жыл жазғытұрым өз әкем «Абай кітабы келеді» деп өзімді көп уақыт, бір үлкен қызық сый беретіндей дәмелендіріп жүріп, аяғында қар кетіп, ақ шығып келе жатқанда сол кітапты әкелді. Содан ел қыстаудан көшкенше күндіз-түні өзі үйде болған уақытта Абай өлеңдерін жаттатып, соны ылғи айтқызып, тыңдап жақсылап жаттап алмаған жерлерімді қайтадан отырғызып, қайта жаттатушы еді. Абайдың өлеңін жақсы көрдім. Бәрін ұқпасам да ұйқасының өзі де қызықтырғандай әсер ететін. Бірақ әкем ылғи жаттауға бергенде қайдағы ұзақ, қиын сөздерін беретін. Соның ішінде «Ат сынынан» бастап, «Алланың өзі де рас, сөзі де рас» деген өлеңдерін жаттатқаны есімде бар. Бір уақыт «Масғұтты», «Ескендірді» де жаттатты. Сол жазғытұрымдай ауыр салмақ көрген уақытым жоқ еді. Бұрын шаруа істеп, мал бағып, тәртіпті еңбекке салынған жерім жоқ болатын. Өйткені бір шешеден жалғыз еркек бала болып, үлкен шешемнің қолында өскен еркелеу бала болдым. Өзіміздің дәулетіміз орта, яки ортадан көрі де жоғарырақ болатын. Өз әкем де бір шешеден жалғыз болған, оның үстіне еркек баланы қырыққа таман жақындаған кезінде, зарығыңқырап барып көрген. Соның бәрі маған бейнетсіз, тоғышар, қарақан, бурақан үй тентек бала болып өсуіме құрық бергендей болып еді. Сонымен ең алғашқы «тізені» Абайдан көрдім. Өлеңін күндіз де, түнде де жаттадым. дым. Әкем жаттатып тыңдағаннан басқа, ештеңе қоспайды, көп мақтамайды да, бірақ, білмесем ұрсып та қоятын болды. Андасанда ғана аса үлкен өлеңді күн-түн жаттап, зорлықпен ғана бірдеме қылып айтып шығатын болғанда, сүйсініп мақтаған болатын. Кей - де шын риза бол ғаны ғой деймін. Өзі құс атуға шыққанда қасына ертіп алып, атқан құстарын беріп үйге қайтарып: «Өзім келгенше пәлен өлеңді жаттап қой», — деп тағы да жүк артатын. Сонымен бір қыс, бір жазда Абайды түгелге жақын жаттап шығып едім. 

 Құрастырған Дастан ДӘУРЕНҰЛЫ

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!