Аулымызға аққу келді!
Дата: 04.08.2020 Рубрика: Білгіштер
0
836
0
Биыл көктемде біздің ауылдағы Сарыкөл көліне аққулар ұшып келді. Олар кәдімгі сұңқылдақ аққу екен. Жазға қарай олар кішкентай он шақты балапандар туды! Биыл жазды киелі құстар біздің елде өткізуде . Жаздың басында аққулардың осы түрін өңір тілшілері Ұзынкөлде де көрген. Кейбір аққулар Сарыкөл ауылында жеке үйлердің сыртындағы шағын көлшікте де тоқтаған. Сұңқылдақ құс адамдардан мүлдем қорыкпайды екен. Бірақ көршілермен- жабайы үйректермен достықтары жоқ. Оны мына фотодан көруге болады. Сұңқылдақ аққудың басқалардан айырмашылығы- мойнында. Сұңқылдақ аққу мойнын кез- келген кезде түзу ұстайды. Ертегіде айтылғандай аққулардың балапандарының түсі- сұр. Бұлар үш жасқа ғана толғанда ақ түсті құстар болып шығады. Аққулардың қанат соққысы өте ауыр болады. Олар түлкіні де өлтіре алады. Жалпы бұл аққулар Финландияның ұлттық символы екен. Осы елде аққулар үнемі адамдардың жанында өмір сүреді. Өйткені осы елдің тұрғындары құстарға еш қандай зиян келтірмейді. Қазір Финляндияда алты мың сұңқылдақ аққу бар көрінеді.
Жәмила СЕЙТҚАНОВА, Сарыкөл ауданы
Жәмила СЕЙТҚАНОВА, Сарыкөл ауданы
Комментарии